Syngenta компаниясы Қазақстандағы сынақ зертханасын таныстырды


Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы АШҒӨО мекемесінің құрылғынына 65 жыл толуына орай Егін алқабы күні атты іс-шара ұйымдастырды. Аталған мерекенің қалай өткендігі туралы Шаруашылықтың баспасөз орталығы хабарлады.

Бұл Егін алқабы күні атты іс-шараның аясында Syngenta компаниясының өкілдері ҚР-дағы алғашқы сынақ зертханасын таныстырды, сондай-ақ тұқымды қорғаудың инсекто-фунгицидтік препараттарын қолдану ерекшеліктері жайлы; дәнді дақылдарды арамшөптерден қорғау тәсілдері туралы; майлы дақылдар егістігіндегі ауруларды фунгицидтік қорғау және тиімді бақылау жайлы айтты.

Сондай-ақ, ғалымдар тәжірибелік алаңдарда Егін алқабы күніне қатысушыларды Ақмола облысының ауа-райы жағдайындағы егіншілік жүйелерін зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Атап айтқанда, олар бидайдың ретроспективті сорттарын (институт құрылған алғашқы жылдарында жасалған), жұмсақ және қатты бидайдың жаңа перспективалы сорттарын ұсынды. Сонымен қатар, арпа мен сұлы, тары, қарақұмық, судан шөбі, күнбағыс, зығыр, бұршақ және көп жылдық шөптің түрлері көрсетілді.


«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО республикада астық, бұршақ, майлы дақылдар өсіру технологияларын әзірлейтін орталық және Қазақстанның солтүстік, орталық облыстары үшін жаңа сорттар жасау бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын жетекші мекеме болып табылады. Сондай-ақ, Орталық Солтүстік Қазақстанның өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру шарттарына дәл егіншілік элементтерін трансферт және бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізуде», - деп айтылды хабарламада.


Атап айтқанда, 2018-2020 жылдары бұл Орталықта дәлме-дәл егін шаруашылығының үш республикалық демонстрациялық полигонының бірі құрылды. Мұнда іргелі және қолданбалы зерттеулер, сынақтар, жаңа аграрлық технологиялар мен техниканы бастапқы сынақтан өткізу және игеру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде нақты егіншілік элементтері АӨК цифрландыру жөніндегі ережелерді қолдану арқылы жүргізіледі.

2021-2023 жылдарға арналған Smart Agriculture мамандандырылған ғылыми бағыты бойынша мақұлданған бағдарлама аясында қаржыландыру жобасында осы тақырыпты зерттеу одан әрі  жалғастыру және кеңейту көзделген.

Аталған жоба өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің жоғары технологиялық түрлеріне бағыттала отырып, «Ақылды ауыл шаруашылығы» тұжырымдамасын іске асыруды жандандыру мақсатында орындалады. Нақты егіншілік жүйесін жетілдіріп, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде интеграцияланған анықтамалық-ақпараттық жүйелер пайдаланылып, оның тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

Дереккөзі: https://eldala.kz/kz/novosti/kazahstan/6231-syngenta-prezentovala-ispytatelnuyu-laboratoriyu-v-kazahstaneскачать dle 12.0
536 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх