Синоптиктер астықтың пісу мерзімі жайлы болжамды айтуда


Жаңалықтар

Қазгидромет жаздық дақылдардың пісу мерзімі жайлы болжамды жариялады. Бұл мәліметті  жасау кезіндегі негізгі фактор дақылды себуден бастап балауыз болып пісу  мерзіміне дейінгі кезеңде жылуды жинақтау мөлшерінің қаншалықты болуына байланысты. Сондай-ақ,аталған  болжамды жасауда дәнді себу мерзімі, топырақтың ылғал қоры, өсімдіктердің зиянкестермен және аурулармен зақымдалуы ескеріледі.

«Алдын ала жасалған есептеулерге сәйкес, жаздық дәнді дақылдардың балауыз болып пісуінің басталу мерзімі 2021 жылдың вегетациялық кезеңінде бірдей болмайды. Республиканың басты астық өсіретін облыстарында пісіп жетілудегі даму фазаларының басталу мерзімдері себудің әртүрлі мерзімдері мен топырақтың ылғалдану жағдайлары мен жылудың жиналуына байланысты созылып кетеді», - деп хабарлайды Қазгидромет.

Болжам бойынша, батыс облыстарда орташа көп жылдық дақылдардың пісу мерзімі күтілуде. Солтүстік облыстарда негізінен мерзімдері ерте басталатын Қостанай облысының кейбір аудандарынан басқа, әдеттегі мерзімде басталады. Еліміздің орталығы мен шығысында жыл сайынғы мерзімде піседі, кей жерлерде ертерек болады деп күтілуде. Алматы облысында - әдеттегі мерзімде, тау бөктеріндегі аудандардан сәл кеш піседі.

Республика өңірлері бойынша астықтың пісуі жайлы болжам туралы толық ақпарат «АgroData»  атты фермерлерге арналған қосымшада берілген.

Дереккөзі: https://eldala.kz/kz/novosti/zerno/6137-sinoptiki-dali-prognoz-po-srokam-sozrevaniya-zernaскачать dle 12.0
474 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх