С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де коронавирусқа қарсы екпе алғандардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды
Жаңалықтар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ұйымдастырған бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны 2021 жылдың 28 тамызында сағат 15:00-де Instagram және Фейсбуктің ресми парақшасында тікелей эфирде онлайн форматта өтті. Ұтыс ойынына COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 2 компонентін алған және вакцинация паспорты бар оқытушылар, ҚАТУ және еншілес ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Аталған ұтыс ойынына А.И. Бараев атындағы АШҒӨО екпе алған ғылыми қызметкерлері де қатысты. Жүлделер ретінде келесідей тұрмыстық техника ұсынылды: теледидарлар, ноутбуктер, планшеттер, ұялы телефондар, шаңсорғыштар, термопоттар, қысқа толқынды пештер, электр шәйнектер, үтіктер және басқа да тұрмыстық техника.
Айта кетейік, орталықтың 17 қатысушысы ұтыс ойынының құнды жүлделеріне ие болды, олардың қатарында ғалымдар, зертханашылар және басқа да қызметкерлер бар.
"Мен бірден екпе алу туралы шешім қабылдадым және әріптестерімді осыған шақырамын, өйткені біз тек осы жолмен пандемияны жеңе аламыз. ҚАТУ ұтыс ойынына қатысып, мен электр шәйнегін, жұбайыма фен жеңіп алды, ұйымдастырушыларға, біздің жергілікті кәсіподаққа өте ризамын, іс тіпті жүлделерде де емес, осы маңызды іс - шараға қатысуымызбен пандемиямен күресте өзіміздің бірігуімізді көрсеттік", - деп бөлісті АШҒӨО қызметкері, кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелерінің бірі Анна Журик.
"Екпе алғандарды көтермелеу бағдарламасын іске қоса отырып, КАТУ Басқарма Төрағасы Қайрат Қапарұлы Айтуғанов сана-сезім танытқан, өз денсаулығына қамқорлық жасаған және жақындарын қорғаған барлық қызметкерлерге ризашылығын білдірді. Біздің ұжымда екпе алғандардың пайызы 85.4% - ды құрайды, бұл әртүрлі аурулар бойынша медициналық қарсы көрсеткіштері барларды ескергендегі көрсеткіш. Біз барлығын екпе алуға шақырамыз, осылайша өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығын қорғаймыз", - деп атап өтті "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сауле Касенова.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ өткізетін ұтыс ойындары университет пен еншілес ұйымдардың қызметкерлерін екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақындары мен айналасындағы адамдардың да денсаулығын қорғау үшін ұйымдастырды. Өйткені, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және карантинге дейінгі режимге оралу.

816 -рет қаралды