«Astana Agro Forum-2018» шарасы өтті


Жаңалықтар
Астанада 24-26 қазан аралығында «Astana AgroForum-2018» шарасы аграрлық сала мамандарының бас қосып, АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын кеңінен талқылады. Сонымен қатар «АӨК ұзақ мерзімді бағдарламалары: мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының салалық бағдарламалары», «Тұқым шаруашылығының дамуы», «Жерді ұтымды пайдалану», «Аграрлық ғылымның кəсіппен бірігуі» тақырыптарында панельдік сессиялар ұйымдастырылды.

Жиында сөз алған Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруа шылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан шет мемлекеттерге экспортталған ет көлемі 15 мың тоннаға жеткендігін хабарлады.

− Ет бағдарламасына сəйкес мақсатымыз – зəкірлік кооперациялар жүйесін жəне шамамен 100 мың шағын отбасылық ферма құру. Кооперация құрамында мал бордақылау алаңдары мен ет комбинаттары жұмыс істейтін болады. Ал сүт саласындағы мақсатымыз – алдағы бес жылда 1 млн тонна сүт өндіру. Мұнда да негізгі тетік ірі сүт-тауарлық компаниялармен жұмыс істейтін отбасылық сүт фермалары болмақ, – деді Ө.Шөкеев.

Қазіргі уақытта бұл бағдарламалар жеміс беріп жатыр. Мəселен, 2017 жылы еліміз 5,5 мың тонна ірі қара мал етін экспортқа шығарса, осы жылдың 9 айында ғана экспортқа жөнелтілген ет көлемі 11 мың тоннадан асып жығылды.

− Біз жыл соңына дейін 15 мың тонна сиыр етін экспортқа шығарамыз, – деді Ө.Шөкеев.

Қазақстаннның алдағы бес жылда құс етін өндірудегі əлеуеті артып, көлемін 5 есе ұлғайту жоспарланып отыр.

− Оған толық мүмкіндік те бар. Мəселен, таяуда Макинскіде біздің өлшеммен өте үлкен саналатын, жылына 50 мың тон на құс өтін өндіретін фабриканы аштық, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

«Astana AgroForum-2018» шарасы аясында бірыңғай аграрлық салық енгізу жəне Қазақстан азаматтары үшін ғана жерді жалға беру жөнінде арнайы институт құру туралы ұсыныстар айтылды. Кеңес барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ортақ меморандум бекітті.
скачать dle 12.0
1 690 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх