Қазақстан Кәсіподақтары күні құтты болсын!


Жаңалықтар
Құрметті университет қызметкерлері!
Сіздерді бүгінгі Қазақстан Кәсіподақтары күнімен құттықтаймын. Білгенге кәсіподақ ұйымы - еңбеккер мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір. Осыған қарап-ақ, кәсіподақ ұйымы атқаратын мәнді, маңызды істерді көз алдыңа елестетуге болады. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері кәсіподақ комитеттері ауыл шаруашылығында еңбек ететін еңбеккерлердің мүддесін қорғап, олардың өмір сүру деңгейін көтеруге атсалысып, еліміздегі тұрақтылықтың артуы үшін қызмет етіп келеді.
Бүгінгі еңбек адамының құқығын қорғаушылардың мерекесінде университетіміздегі кәсіподақ мүшелерінің күнделікті еңбегіне табыс, мықты денсаулық, әрқайсыңыздың отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін! Сіздердің әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз бағалы, сіздердің бай тәжірибелеріңіз ауыл шаруашылық мамандарын даярлауда үлкен жетістіктерге, мемлекетіміздің өсіп-өрлеуіне қызмет ете берсін!
Ізгі ниетпен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы - Ректоры Қ.М.Тіреуов
скачать dle 12.0
3 233 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх