Дуальды білім беру: білім, ғылым және өндіріс
Жаңалықтар

Дуальды оқытуды ұйымдастыру және өткізу туралы шарт шеңберінде С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ студенттері ғылыми-өндірістік процестермен жақынырақ танысу және оқу жылдарында алған теориялық білімдерін бекіту үшін біздің орталыққа келуде.
Өткен аптада топырақтану және агрохимия кафедрасының 4 курс студенттерінің алдында агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының ғылыми қызметкері Назарова Перизат Ержанатқызы: "Қарқынды егіншілікте агротехникалық талаптарды сақтау, топырақ құнарлылығын сақтауға әсер ету" атты тақырыпта баяндама жасады.


Топырақ-ресурс үнемдейтін егіншілік жүйесінде минералды тыңайтқыштарды әртарапты қолдануды негіздеу үшін тыңайтқыштардың әртүрлі жүйелері мен мөлшерін өсімдіктер мен астықтың аминқышқылдық құрамына әсері зерттелетін аспаптық қамтамасыз етумен танысты.