Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтына - 75 жыл


Жаңалықтар


Еңбек Қызыл Ту ордені Топырақтану институты, қазіргі Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институты -республикадағы Топырақтану және агрохимиялық ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысатын жетекші мекеме.

Институт 1945 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалының топырақ секторы негізінде құрылды, 2002 жылға дейін ҚР БҒМ-на қарасты Қазақстан ҒА-ның еншісінде болды, 2002 жылғы 28 маусымда ҚР АШМ қарамағына берілді (№704 ҚРҮҚ), 2008 жылғы 23 мамырда "Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институты" ЖШС болып қайта құрылды.

"ҚазТАҒЗИ" ЖШС - "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ еншілес ұйымы.

Институттың миссиясы: топырақ құнарлылығын молайту, топырақ ресурстары мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану негізінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін ғылыми қамтамасыз ету.

Негізгі мамандануы – Топырақтану, агрохимия және топырақ экологиясы.

Институтпен көрсетілетін қызметтер: институттың ғылыми әзірлемелері мен технологияларының нәтижелерін өндірісте ғылыми қолдау; топырақ карталарын және агрохимиялық картограммаларды дайындау бойынша, топырақ ресурстары мен ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану бойынша консультациялық қызметтер, 30-дан астам топырақты, сондай-ақ суды, өсімдіктер мен тыңайтқыштарды талдау бойынша қызметтер ұсыну.

Институтта 7 ғылыми бөлімше жұмыс істейді: география, топырақтың генезисі және бағалау; агрохимия және топырақ экологиясы; тұзды топырақты мелиорациялау; топырақ құнарлылығы мен биологиясы; жаңа технологияларды әзірлеу; ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету бөлімдері; химиялық талдаулардың аккредиттелген зертханасы.

Институт штаты: 102 қызметкер, оның ішінде 4 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаты, ҚР ҰҒА академигі, ҚР АШҒА академигі, 4 PhD докторы, 30 магистр. Жас қызметкерлер (35 жасқа дейін) 45% құрайды. 2017-2020 жылдары институттың 7 қызметкері докторантурада оқыды (ҚР, ҚХР). Институт ғалымдарының орташа жасы - 43 жас.скачать dle 12.0
1 815 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх