Құрметті Тілектес Исабайұлы!


Жаңалықтар


Александр Иванович Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымы ауыл шаруашылығы саласындағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірінің 90 жылдық мерейтойына орай Сіз арқылы барлық профессорлық-оқытушылық құрамды шын жүректен құттықтайды.

Сіздер жүріп өткен ғасырға жуық даңқты жол Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті инновациялық типтегі беделді жоғары оқу орындарының бірі әрі Қазақстан мен Орталық Азияның аграрлық ғылымының көшбасшысы екенін және ЖОО-ның зерттеу бағытындағы мәртебесін лайықты түрде растайды.

Сіздердің университет Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ғылым, практика, ұлттық жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған үш сатылы жүйеге өтті және көптеген шетелдік оқытушылар мен студенттерді тарта отырып, халықаралық ғылыми-білім беру консорциумының шекарасын кеңейтуге жәрдемдеседі.

Сіздер академиялық ұтқырлықты Эрасмус, Болашақ, LOGO, DAAD жобалары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырып жатырсыздар, бұл сіздердің бағдарламаларыңызға еуропалық стандарттарға сәйкес келуге мүмкіндік береді. Университет Азия, Дүниежүзілік даму банктерімен, ФАО, ЮНЕСКО, NASA және т.б. тығыз байланыста жұмыс істейді. Білім алушылардың контингентін қалыптастыруға бағытталған басымдық шеңберінде агробизнестің қажеттіліктеріне, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қазақстанның салалық ғылымын дамытуға бағдарланған мамандарды даярлауды жүзеге асырып келесіздер.

Осы тамаша жетістіктердің барлығы институттың аянбай еңбек етіп жатқан жоғары білікті ғылыми әлеуетінің арқасында мүмкін болды. Ұлттық рейтингте ҚазҰАУ үздік 10 университеттің қатарына кірді, сондай-ақ Хирш индексі жоғары Қазақстанның ТОП-50 үздік ғалымдары жиналған, университеттің әрбір жетінші ғалымы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері.

Биылғы мерейтойлық жылы біз Сіздерге ауылшаруашылық саласында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау мен тәрбиелеуде одан әрі шығармашылық табыс, амандық пен өркендеу тілейміз!

Ізгі тілекпен «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасының м.а. Бақыт Рахымбаев

Ақмола облысы, Научный кенті, 2020 ж.скачать dle 12.0
929 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх