Ольга Всеволодовна Сдобникова


Тарих беттері
Ольга Всеволодовна Сдобникова, топырақ зерттеуші-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1973), профессор (1977)

О.Сдобникова 1926 жылы 29 желтоқсанда Иванов ауданының Калчугино селосында туған. 1951 жылы К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. 1951-1955 жылдары агроном,Бүкілодақтық мал шаруашылығы институтында аспирант болды. 1955-1957 жылдары Алматыда Қазақ егіншілік ғылым-зерттеу институтының агрохимия зертханасында аға ғылыми қызметкер, кейін зертхана меңгерушісі болып еңбек етті. 1955 жылы Мәскеуде биология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ізденіп «Тың өлкеде тыңайтқыштарды қолданудың перспективалары» тақырыбында диссертация қорғаған.1957-1966 жылдары Омбы қаласында Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында агрохимия бөлімінің меңгерушісі болды. 1971 жылы Мәскеуде ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми атағы үшін «Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірде топырақ құнарлығының жағдайлары және тыңайтқыштарды қолдану» тақырыбында диссертация қорғаған. 1971-1984 жылдар аралығында егіншілікте фосфор мәселесі зертханасына жетекшілік етті. 1984 жылдан бастан Мәскеудегі Бүкілодақтық тыңайтқыштар мен аграрлық-топырақ тану ғылыми-зерттеу институтында директордың орынбасары қызметін атқарды. Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: Солтүстік Қазақстанның ауыспалы егістіктерінде минералды тыңайтқыштарды қолдану, елдің егіншілікпен айналысатын негізгі аймақтарында фосфорлы тыңайтқыштарды рационалды пайдалану болды. О.Сдобникова 130 ғылыми жұмыстың авторы болып табылады.

скачать dle 12.0
963 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх