Николай Тихонович Ониськов


Тарих беттері
Николай Тихонович Ониськов, ғалым-агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Н.Ониськов 1937 жылы 7 мамырда Ақтөбе облысының Мортық ауданы Горноводск кентінде туған. 1965-1968 жылдары Целиноград облысының Шортанды ауданындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант болды. 1969 жылы Ленинград қаласында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін «Солтүстік Қазақстанның жағдайларында тарының гүлдеу биологиясы және будандастыру» тақырыбында диссертациясын қорғаған. 1968-1971 жылдары Целинград облысының Шортанды ауданындағы Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жарма дақылдарының селекциясы зертханасында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1971 жылы БАЗШҒЗИ-да жарма және жемазықтық дақылдар селекциясы бөліміне жетекшілік етті.Н.Ониськов жеті мақаланың авторы болып табылады.
скачать dle 12.0
945 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх