Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша семинар


Жаңалықтар


Бүгін А.И. Бараев атындағы АШҒӨО оқу залында қызметкерлер үшін Шортанды ауданы полиция бөлімінің ЖПҚ полиция майоры Н.Е. Жуматаевтың, Шортанды ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Е.К. Сулейменовтің және Шортанды ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны А.К. Бегалиннің қатысуымен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, азаматтарға қатысты алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Іс-шарада жергілікті полиция қызметкерлерінің әңгімесінде ақша қаражатын қашықтан аударуға, банк картасын кез келген манипуляциялауға, сондай-ақ картаның құпия деректемелерін беруге итермелейтін кез келген хабарлама немесе телефон қоңырауы азаматтарды ескертуге тиіс екендігіне баса назар аударылды.
Алаяқтардың өзін қалай ұстайтыны, жәбірленушіні адастыру үшін қандай сенімдер қолданылатыны туралы мысалдар келтірілді.
скачать dle 12.0
3 115 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх