Біржылдық және көпжылдық мал азығы дақылдарының егістерімен жемшөп өндірісін әртараптандыру


Жаңалықтар

  Қазақстандаағымдағы 2024 жылы бидайдың егістігі 439,2 мың гектарға және арпа дақылының егістігі 129,5 мың гектарға қысқарады. Ақмола облысында бидай егістігі алқаптарының ең көп көлемі қысқартылатын болады (-251,3 мың га).

  «Сонымен бірге майлы дақылдар (414,7 мың га) мен мал азығы дақылдарын (96,4 мың га) ұлғайту жоспарлануда. Мақта (-16 мың га) және күріш (-6,4 мың га) сияқты ылғал көп қажет ететін дақылдарға бөлінген алқаптардың қысқару күтілуде», — деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкіметтегі кеңес барысында.

  Мал азығы дақылдарының егістігін көбейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Биылғы жылы мал азығы дақылдарын 96,4 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда (бұл туралы ElDala.kz 2024 жылғы 16 ақпандағы Үкіметтің баспасөз қызметінеhttps://eldala.kz/novosti/kazahstan/18501-v-kazahstane-sokratyat-posevy-pshenicy сілтеме жасай отырып хабарлайды)

 Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 20 ақпанында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ғалымдар мен агробизнес өкілдерінің қатысуымен «Мал азықтық дақылдардыңегістіктерін әртараптандыру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды, оған А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары да қатысты.

  Семинарды аша отырып, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары-Айтуганов Кайрат Капарович өңірлерде мал шаруашылығын дамыту үшін жемшөп базасы қажет екенін және бұл мәселенің өзектілігі бүгінде сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал азығы дақылдары алқаптарының өзгеруіне байланысты ерекше белгіленгенін атап өтті.

 Іс-шарада қатысушылардың әрқайсысы өз презентацияларында мал азығы дақылдарына тиісті назар аудару қажет екенін дәлелдеді, өйткені АӨК-дегі жағдайды тұрақтандыруға тікелей әсер етеді.

 Семинарда А. И. Бараев атындағы АШҒӨО көпжылдық шөптер селекциясы бөлімінің меңгерушісі, а.ш.ғ.к. Н. И. Филиппова «Солтүстік Қазақстандағы көпжылдық шөптер және біржылдық мал азығы дақылдары» атты тақырыпта, орталықтың көпжылдық және біржылдық мал азығы дақылдары бойынша селекциялық жетістіктері туралы баяндады. Айта кетейік, өткен жылы бұл бөлім өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті; көптеген өңірлерден келген фермерлер олардың өнімдерін пайдаланады және жемісті ынтымақтастықты қолдайды.

  Сондай-ақ: «Орал АШТС» ЖШС тәлімі егіншілік бөлімінің меңгерушісі,а.ш.ғ.к., Т. А. Булеков — «Мал азығы өндірісіндегі шөпті ауыспалы егістердің рөлі»; «НьюТехАгро»ЖШС директоры (Воронеж қ.)— Р. Абушев,«Шалғындар мен жайылымдарды қалпына келтіру»; «AlfaSeed»(Венгрия)компаниясының Қазақстандағы өкілі— Б. Н. Уалханов «Құмай және құмай-суданды будандары» тақырыптарында баяндама жасады.

  Іс-шара соңында ашық пікірталас барысында семинарға қатысушылар мал азығын өндіру үшін егіс алқаптарын ұлғайту, көпжылдық шөптердің түрлік және сорттық әртүрлілігін кеңейту және олардың тұқым шаруашылығын дамыту бағытында оң динамиканы атап өтті. Жалпы мал азығы өнімінжоғарылатудың негізгі резерві қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген жаңа жоғары өнімді сорттарды енгізу арқылы өнімділікті арттыру болып табылады. Көпжылдық және біржылдық мал азығы дақылдарын өсіру тұрақты және сенімді жемшөп базасын құруға мүмкіндік беретіні және мал шаруашылығын көтеру мен одан әрі дамыту үшін таптырмас жағдайлардың бірі болатыны анық. Жануарларды әртүрлі мал азығымен толық қамтамасыз ету-жемшөп өндірісінің маңызды міндеті.

скачать dle 12.0
3 862 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх