Десикация – астық өнімі мен сапасын сақтаудың кепілі


Жаңалықтар

  Ақмола облысының аудандарында ағымдағы 2024 жылдың жағдайында, көктемде, сондай-ақ шілде-тамыз айларында жауын-шашын мөлшері көпжылдық мөлшерден 2-3 есе көп түсті, бұл ылғал ресурсын арамшөптер белсенді пайдаланады.Осыған байланысты барлық жерде егістіктердің ластануының қарқынды өсуі байқалады, бұл егін жинау жұмыстарын жүргізуде белгілі бір қиындықтар туғызады және оларды кеш мерзімде жүргізуге себеп болады. Егін жинау жұмыстары ағымдағы ылғалды жылдары қиындықтар туғызады, өсімдіктердің өсіп-даму кезеңінде жауын-шашын мөлшері көпжылдық көрсеткіштерден анағұрлым көп болғанда және кеш мерзімде себілген өсімдіктер пісіп үлгермеген кезде, әсіресе маусым айының басында себілген, оның ішінде дәнді, бұршақ және майлы дақылдар. Егістіктерде арамшөптердің екінші толқынының пайда болуы, өскіндердің белгілі мөлшері егін жинау жұмыстарын едәуір қиындатады, әсіресе тікелей комбайнмен астық бастыруды. Мұндай жағдайларда десикацияны қолдану астық пен тұқымның ылғалдылығын азайтуға көмектеседі, егін жинауды жеңілдетеді, ластануды азайтады, сонымен қатар егін шығыны мен жиналған тұқымдарды стандартқа келтіру шығындарын азайтады. Егінді жинау алдында десиканттармен бүрку әсіресе орташа және қатты ластану кезінде тиімді. Десиканттар әсер етуші заты дикват негізінде (РЕГЛОН ФОРТЕ 200, в. р., ТОНГАРА, в. р., РЕГИОН СУПЕР, в. р.,ДИКОШАНС, в. р. СУХОВЕЙ, в. р. және т. б.) әсер етуші заты глифосат негізінде (РАУНДАП ЭКСТРА, 54% в. р., ТОРНАДО 540, в. р., УРАГАН ФОРТЕ 500, в. р., ПАССАТ, в. р. және т. б.) және аммоний глюфосинаты (БАСТА, 15% в. р.) қолданылады.

Егістіктерді десиканттармен өңдеудің артықшылықтары:

— дақылдардың пісуін жеделдету және оларды ертерек жинауға мүмкіндік туғызады;

— егін жинауды жеңілдетеді, өйткені десикациядан кейінгі барлық өсімдік массасы құрғақ, соның ішінде арамшөптер;

— арамшөптерден қосымша тазарту;

— жиналған астықты кептіру және қайта өңдеу шығындарын азайту;

— жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау.

  Егістіктерді десиканттармен өңдеу кезінде барлық өсімдіктерді біркелкі жабу үшін жұмыс сұйықтығының қажетті мөлшерін — 200-300 л/га қолдану өте маңызды. Бұл әсіресе дикват (дибромид) негізіндегі жанаспалы препараттарды қолдану жағдайларына қатысты, содан кейін десикацияның сапасы мен біркелкілігі қамтамасыз етіледі. Глифосат негізіндегі жүйелік препараттарды қолданған кезде жұмыс сұйықтығының мөлшерін 150-200 л/га-дан төмендетуге болмайды. Десикация жұмыстарын жүргізуде ауа температурасы +10°С төмен болмауы қажет. Ылғалды салқын ауа-райында десикация баяу, бірақ біркелкі және сапалы жүреді, ал құрғақ және ыстық ауа-райы кептіру процесін тездетеді. Жалпы, дикват (дибромид) негізінде жанаспалы препараттарды қолданғанда бұл процестер 5-8 тәуліктен кейін, жүйелік десиканттарды (глифосат ә.е.з.) қолданғанда — 14-15 тәуліктен кейін аяқталады.

  Десикация көршілес егістіктер мен көшеттерге зиян тигізуі мүмкін, әсіресе кеңістіктік оқшаулау немесе десикация кезінде желдің жоғары жылдамдығы сақталмаса.

  Тұқымдық егістіктерде жүйелі препараттарды қолдану ұсынылмайды, өйткені өнгіштігі жоғары тұқым алмауы мүмкін. Осы мақсаттар үшін тек дикват (дибромид) негізіндегі жанаспалы препараттарды қолдануға рұқсат етіледі, оларды уақтылы өңдеу тұқым сапасын төмендетпейді. Сондай-ақ, өңделген өсімдіктер десикациядан кейін ұзақ уақыт тоқтап қалса, шамадан тыс сынғыш болатынын есте ұстаған жөн, бұл жоспарланбаған шығындарға әкелуі мүмкін. Бидай мен арпа дақылдарын десиканттармен бүрку дәннің орташа ылғалдылығы 30% — дан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады.Бұл кезең балауыздана пісу кезеңіне сәйкес келеді және әдетте егін жинаудан 10-15 тәулік бұрын болады. Дәнді дақылдарда десикациясының арқасында (астықтың ылғалдылығы мен оның ластануын азайту арқылы) астықтың сапасы артады. Астықтың шығыны екі-үш есе азаяды. Десикация егін жинау мерзімін 5-10 тәулікке қысқартуға мүмкіндік береді.

  Десиканттар «Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне» сәйкес қолданылады.



А. И. Бараев атындағы АШ ҒӨО «Өсімдік қорғау» зертханасының мәліметтері


скачать dle 12.0
1 200 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх