Ғалым-селекционер М.А. Бердағұлов туралы жақсы естеліктер мәңгі есімізде


Жаңалықтар

  А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымы Қарабалық тәжірибе станциясының жетекші ғалымы, селекционер Мұрат Ахметұлы Бердағұловтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Біз сіздермен бірге қайғырамыз, бізді көп жылғы жемісті ынтымақтастық байланыстырды, оның жақсы есімі мен жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.

 Мұрат Ахметұлы еңбек жолын Қостанай облысы, Федоров ауданы, Чандак совхозында агроном болып бастап, соңғы күндеріне дейін Қарабалық тәжірибе станциясында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісінен директорға дейінгі ғылыми жолы сәтті өтті. Жаздық арпаның 10 сортының және жаздық жұмсақ бидайдың 11 сортының авторы және бірлескен авторы болды. 50-ден астам ғылыми жарияланымдар жазды. Біздің жадымызда Мұрат Ахметұлы таңдаған жолына адал, ғылыми ұстанымдарына адал тұлға болып қала бермек. Жан-жақты тұлға. Дарынды селекционер. Мұрат Ахметұлы отандық және шетелдік ғылыми ортада кеңінен танымал болды.

скачать dle 12.0
1 008 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх