Біздің жадымызда мәңгі сақталады


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


А.И. Бараева атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдар ұжымы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, белгілі ғалым Евгений Иванович Шиятойдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Евгений Иванович біздің жадымызда жоғары кәсіби маман және тамаша тұлға ретінде мәңгі сақталады.

Шияты Евгений Иванович 1938 жылы 25 наурызда Харьков облысы Купян ауданы Купянск-Узловая ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Черкасск облысындағы Уман ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1960-1961 жж. Запорожье облысындағы кеңшарда агроном болып жұмысын бастаған. 1961-1963 жж топырақты эрозиядан қорғау бойынша Павлодар тәжірибе станциясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1963 жылдан бастап Евгений Иванович АШҒӨО-да (қазіргі астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы) ғылыми қызметкер, содан кейін топырақ қорғау кешендері бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1968 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғады. (Алматы). 1981 жылы «Солтүстік Қазақстандағы топырақты қорғау шараларын жобалаудағы жел эрозиясы процестерін болжаудың теориялық және тәжірибелік негіздері» (Мәскеу қ.) атты ғылыми еңбек жазып ауылшаруашылық ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алады. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты: топырақты эрозиядан қорғаудың ғылыми негіздері мен шаралары. Евгений Ивановичтің өнертабыстарға 2 авторлық куәлігі бар.

30 жылдан астам уақыт бойы А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да әртүрлі жауапты ғылыми қызметтерде жұмыс істеді. Өмірінің соңғы жылдары Ресейде тұрса да, әріптестерімен үнемі байланыста болып, ауылшаруашылық ғылымының өзекті мәселелері бойынша өз жарияланымдарымен бөлісіп отырды.

скачать dle 12.0
378 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх