Ғалымдардың ұсыныстарын фермерлер орындау үшін қабылдады


Жаңалықтар

  А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ресми сайтының (www.baraev.kz), басты бетінде Ақмола облысында 2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау және күзгі-танаптық жұмыстарын жүргізу стратегиясы мен тактикасы бойынша ғалымдардың ұсыныстары орналастырылған. Онда биылғы жылы егін жинау ерекшеліктері мен егін жинау алдындағы дақылдардың жағдайы қарастырылған. Дәнді, дәнді-бұршақ, жарма және майлы дақылдарды жинау мерзімдері мен әдістері пісіп-жетілуіне, сабақтарының биіктігі мен тығыздығына, арамшөптермен ластануына байланысты ұсынылды. Ауа-райын ескере отырып, күзгі топырақты өңдеу бойынша іс-шаралар келтірілген. Ұсыныстар Ақмола облысының фермерлеріне, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен мамандарына арналған.

 Барлық фермерлер ауылшаруашылық өндірісінде бәрі өзара байланысты екенін, егін жинау әдістерін қолдану барысында технологияның тек бір элементін уақтылы және жосықсыз орындау немесе егін жинау мерзімін елеусіз қалдыру, ауа-райының болжамдарын ескермеу қайтымсыз нәтиже беріп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барлық күш-жігерін барынша азайта алатынын есте ұстауы керек. Біздің ортақ міндетіміз-лайықты өнім алу және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

скачать dle 12.0
1 602 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх