А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары Ақмола облысының шаруашылықтарына 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау және күзгі-егістік жұмыстарды жүргізу бойынша ұсынымдар әзірледі
Жаңалықтар
Жыл сайын А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары қалыптасқан метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, ықтимал қауіптерді азайту мақсатында Ақмола облысының шаруашылықтарына ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау және күзгі-егістік жұмыстарын жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлейді. Олар 2021 жылғы ауыл шаруашылық дақылдарыңың өнім қалыптастыру ерекшеліктері мен егін жинау алдында танаптардың жағдайын қарастырды. Дәнді, дәнді-бұршақты, жарма және майлы дақылдардың пісіп жетілуіне, сабағының биіктігі мен тығыздығына, ластануына байланысты жинау мерзімдері мен тәсілдері ұсынылды. Ауа-райы жағдайларын ескере отырып, күзгі топырақты өңдеу бойынша іс-шаралар ұсынылды. Ұсыныстар фермерлерге, аймақтың ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары мен мамандарына арналған.
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ресми сайтында (www.baraev.kz) ағымдағы 2021 жылы елімізде және облыста қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Ақмола облысының шаруашылықтары үшін күзгі - далалық жұмыстарды жүргізу жөніндегі ұсынымдар жарияланды. Сонымен қатар, өңірдің барлық аудандық ауыл шаруашылығы басқармаларына күзгі дала жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері туралы ғалым-аграномдардың баяндамалары бар электронды форматтағы бейнематериалдар ұсынылды. Сонымен бірге, білім тарату бағдарламасы аясында Орталық фермерлер үшін сайтта "Фермерге" консультативтік бөлімін іске қосты, онда кез-келген шаруа иесі қызықтыратын мәселелер бойынша хабарласып, ғалымдардың кеңестерін ала алады.

678 -рет қаралды