Мереке құтты болсын!
Жаңалықтар
Құрметті әріптестер!
Сіздерді басты Ұлттық мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы күнді 33 жыл бойы еліміздің гүлденуіне өз еңбегін, жасампаздығы мен күш-қуатын салып жатқан әрбір адам атап өтуде.
Біз барша қазақстандықтармен бірге осы жылдардағы жетістіктерді мақтан етеміз. Біздің Орталық ұрпақтар сабақтастығы мен академиялық рухты сақтай отырып, уақыт сынынан абыроймен өтті.
Сіздердің күш-жігер, табандылық, ақыл-парасат пен таланттарыңыздың арқасында бүгінде біздің Орталықтың мақтанышы болып табылатын барлық мүмкіндіктер жасалды. Біздің жетістіктеріміз бізге жаңа күш береді. Болашақта олар елдің өркендеуі мен аграрлық ғылымдағы ілгерілеу жолындағы жаңа зерттеулер және әзірлемелермен нығайтылатынына терең сенімдімін.
Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, ортақ үйімізде тұрақтылық пен бақ-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен, Савин Тимур Владимирович, «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасы