А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары бидайды будандастыру жұмыстарын жүргізуде


Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО селекционерлері фитотрон-жылыжай кешенінде бидайды будандастыру жұмыстарын жүргізуде. Өйткені, селекцияның осы негізгі әдісінің арқасында болашақ сорттарда ата-аналық формалардың барлық жақсы қасиеттерін біріктіруге болады.

Бұған дейін ғалымдар өсімдіктерге қолмен күтім жасау арқылы жоспарланған айқастыру санын жүргізді. Олар аналық формаларды кастрациялап, масақтарды оқшаулады, содан кейін тозаңдандырды. Жасанды климаттың заманауи қондырғысы селекциялық процесті орта есеппен 3 жылға қысқартуға мүмкіндік береді. Көктемде жұмыс танаптық жағдайда жалғасады. Бұл жұмыс BR24892821"Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында өнімділік, сапа және стресске төзімділік әлеуетін арттыру үшін дәнді дақылдардың селекциясы және бастапқы тұқым шаруашылығы" ҒТП шеңберінде белсенді жүргізілуде.

Будандастыру процесімен оқырмандарды жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Т.В. Шелаева таныстырады. 30 жылдан астам уақыт бойы Татьяна Васильевна осы күрделі салада жұмыс істеді, әрдайым жаңа сорттарды өсіру бойынша қиын жұмыс туралы үлкен қызығушылықпен әңгімелейді.Бидайдың 20 сортының авторы.


скачать dle 12.0
256 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх