Жеңіс күні қарсаңындағы мерекелік іс-шаралар
Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының басшылығы мен кәсіподақ комитеті Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне және Дамса ауылдық округінде тұратын Чернобыль атом электр станциясының зардаптарын жоюға қатысушыларға мамыр айындағы айтулы мерекелерімен құттықтау және олардың ерліктеріне алғыс білдіру үшін сапар ұйымдастырды.
Сондай-ақ, бүгін 8 мамырда "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимирович Ұлы Отан соғысы жылдарында және бейбіт уақытта қаза тапқан жауынгерлерге арналған Степное ауылында Даңқ ескерткішінің салтанатты ашылуына қатысты.
5 633 -рет қаралды




















