Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар
9 мамыр-Ұлы Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында А.И. БараевАШҒӨО басшылығыбастауыш кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып,Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген жерлестерімізді құрметтеуге белсене қатысты. Олардың ішінде тыл еңбеккерлері Медведев Петр Емельянович, Иванова Александра Ивановна,Подкуйко Александра Васильевна, Ермоленко Лидия Ивановна, Павлюков Виктор Васильевич,Геращенко Вера Федоровна, Николаевна Роза Николаевна, Смоленская Любовь Никитична, Ауған оқиғаларының қатысушысы Зубровский Виктор Степанович және Чернобыль АЭС жоюдың қатысушысы Ганзиев Магомед Сайдамович, олар бүгінде біздің Дамсин ауылдық округінің лайықты азаматтары болып табылады.
Басқарма төрағасы Серекпаев Н.А. Орталықтың қызметкері В.С. Зубровскийді осы айтулы мерекемен құттықтады, құттықтау хатын және мерекелік азық-түлік себетін тапсырды және лайықты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.
Виктор Степанович кәсіпорында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, өзінің еңбекке және әріптестеріне деген адал қатынасымен зор құрметке ие.
Біздің басқа ардагерлермен кәсіподақ комитетінің мүшелері үй жағдайында кездесіп, әскери қиын-қыстау жылдар және олардың бейбіт уақытта қалай еңбек еткендері туралы шын жүректен әңгімелесті.Павлюков Виктор Васильевич соғыс туралы қызықты өлеңдерін оқыды,әскери қызметкер бола отырып, өзінің әскери мансабы туралы айтты. Біздің жерлесіміз Вера Федоровнаның бөлмесіндегі жас сұлу қыздың фотопортреті көптеген онжылдықтардан кейін де өзінің ішкі сұлулығы мен жанның жастығын сақтай алғанын еске салғандай. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Магомед Сайдамович Ганзиевпен кездесу де бізді қуантты, себебі бүгінде ол жақсы шығармашылық формада, оның кескіндеме бойынша жұмыстары жоғары мақтауға лайық.
Сонымен, сол әскери, соғыстан кейінгі жылдар мен бейбіт уақыттың куәгерлерінің әрқайсысымен қарым-қатынас бізге өз халқы мен елі үшін Жеңіс жолындағы әскери ерлігі үшін үлкен алғыс білдіруге мүмкіндік берді.
Баршаңызға денсаулық және сарқылмас күш-қуат, қымбатты ардагерлер!
766 -рет қаралды