АШҒӨО-дағы астық жинау науқаны
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Есенбай Исламовтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Жиында ҚР АШМ Ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша орындалатын жобаларды іске асыру кезеңдері талқыланды, сондай-ақ қатысушылар орталықтың алдағы 3 жылдық кезеңдегі ғылыми-қолданбалы зерттеулерінің болашағын сөз қылды. Айта кетейік, қазіргі уақытта АШҒӨО алқаптарында басталған егін жинау науқанын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.
Есенбай Исламов орталық ұжымын Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, ғылыми-селекционер Наталья Николаевна Слепковаға ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелік медаль табыстады.

892 -рет қаралды