Білімге салынған инвестициялар – ғылымның болашағына және ұйымның дамуына қосылған үлес
Жаңалықтар

Өткен жылдың соңында А.И. Бараев атындағы АШҒӨО бес ғылыми қызметкері- Чилимова Ирина Владимировна, Баймуканова Олеся Николаевна, Жигула Татьяна Юрьевна, Келлер Эвелина Николаевна және Харитонов Данил Сергеевич Омбы мемлекеттік аграрлық университетінде оқуын сәтті аяқтап, магистр дәрежесін алды.
Жыл сайын Орталықтың көптеген қызметкерлері кәсіби құзыреттілікті арттыруға және ғылыми салада саналы түрде дамуға ұмтылатыны өте қуанышты. АШҒӨО басшылығы мұндай ұмтылысты жан-жақты қолдайды: ұжымдық шартта кәсіпорын есебінен оқу демалысын беру көзделген. Бұл, әсіресе, шетелдік білім беру мекемелерінде оқитындар үшін маңызды қолдау шарасы. Білімге салынған инвестициялар — ғылымның болашағына және ұйымның дамуына қосылған үлес.
Әріптестерімізді құттықтаймыз және одан әрі ғылыми жетістіктер тілейміз!
























