Құрметті Валентина Борисовна!
Жаңалықтар

60 жасқа толған мерейтойыңызға орай ең шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыз. Сіздің еңбек жолыңыз республикадағы танымал ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі – Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясындағы ғылыми қызметпен тікелей байланысты.
Сіз ғылым жолындағы барлық сатылардан өтіп, бүгінде республика агроөнеркәсіп кешенінің ғылымын дамытуға елеулі үлес қосқан жетекші ғалымдардың біріне айналдыңыз.
Сіз – еліміздің Тәуелсіздік жылдарының бастауында ғылым көгінде жарқырай танылған заманауи қазақстандық әйелдердің бірісіз. Сіздің өмір жолыңыз – тағылымға толы тәжірибе мен ғылымға адал қызметтің айқын үлгісі. Терең біліміңіз бен мол тәжірибеңіздің арқасында ғылыми әлеуетіңізді толық ашып, көшбасшылық қырыңызды таныта білдіңіз. Бүгінде селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы маңызды ғылыми әзірлемелердің авторы ретінде зор құрметке иесіз.
Сіз ғылыми қызметте өзіңізді жоғары кәсіби маман ретінде таныта білдіңіз. Сіздің терең біліміңіз, бай өмірлік және кәсіби тәжірибеңіз ең өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, шетелдік және отандық аграрлық ғалымдар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында зор беделге ие болуға негіз болды.
Сонымен қатар, Сіз Батыс Қазақстанның агротехникалық және технологиялық жоғары оқу орындарында ұстаздық қызметті табысты атқарып, жас ғалымдарға инновациялық білім мен практикалық дағдыларды үйретіп келесіз.
Сіздің мол кәсіби тәжірибеңіз, терең біліміңіз бен шығармашылық әлеуетіңіз алдағы уақытта да отандық ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту жолында жемісті қызмет ете беретініне сенімім мол.
Құрметті Валентина Борисовна, Сізбен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және Қазақстанның шет мемлекеттермен ұзақ мерзімді ғылыми байланыстарын кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға белсене атсалысқаныңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, бақ-береке, мол бақыт, қуаныш пен сарқылмас өмірлік күш-қуат тілеймін. Еңбегіңіз әрдайым жемісті болып, биік жетістіктер мен толағай жеңістерге жете беруіңізге тілектеспін!
«А.И. Бараеватындағы АШҒӨО» Басқарма Төрағасы Б.Б.Калибаев
22 -рет қаралды




















