АШҒӨО ғалымы В. И. Коберницкийге алғыс айтамыз


Жаңалықтар


Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS) астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының жаздық бидай селекциясы саласындағы жетекші ғылыми қызметкері, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Владимир Коберницкийдің 2020 жылғы 14 қазанда онлайн өткізген бидайды дамыту саласындағы озық тәжірибе орталығының азиялық кіші тобының инагурациялық отырысына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

"Сіздің қазақстандық ғалымдардың жетістіктері туралы баяндамаңыз, кәсіби және практикалық ұсыныстарыңыз маңызды кездесудің сәтті өтуіне үлкен үлес қосты. Сіздің өз тәжірибеңізбен бөлісуге деген ниетіңізді барлық қатысушылар жоғары бағалады, олардың презентацияларын біздің ұйымның сайтында таба аласыз.

АҚИҰ бидай бойынша азиялық топ мүшелері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты және оның алдағы жұмысына Сіздің баға жетпес үлесіңізді артырады деп есептейді", - делінген хатта.

скачать dle 12.0
725 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх