АШҒӨО ғылыми қызметкері Нидерланд елінде тағылымдамадан өтті
Жаңалықтар

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның Аналитикалық орталығының меңгерушісі Қайрат Құнанбаев Бреда қаласында (Нидерланд) тағылымдамадан өтіп келді. Ол «Scalar» компаниясының San ++ аналитикалық ағынды желілер өндіретін зауытында болды. Еске сала кетейік, бұл құрылғыны Бараев орталығы Нақты егіншілік жүйесіне жобаларды іске асыру үшін сатып алған еді.
Ағынды желінің өнімділігі – тәулігіне 570 топырақ сынамасын береді. АШҒӨО-ға алынған бұл құрылғы агрохимиялық анализдер (NPK) жасауға арналған.
Сол сияқты Қ. Құнанбаев Еуропаның аграрлы саладағы алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі Wagenin university болып, ондағы агрохимиялық зертхананың жұмысымен танысты.
1 378 -рет қаралды