АШҒӨО топырақ сынама алғышын сатып алды


Жаңалықтар
Мемлекеттің ауылшаруашылығын қолдауы арқасында А. И. Бараев атындағы АШҒӨО инновациялық, толық автоматты «Wintex 3000» топырақ сынама алғышын сатып алды. Құрылғы бір мезетте топырақтың үш түрлі қабытында жұмыс істейді. Ол топырақ сынамаларын 90 см дейінгі тереңдіктен ала алады.
Сынамаға алынған топырақ сапалы болады, жұмыс толық автоматты режимде өтеді. Жылдамдық деңгейінің жоғарылығы «Wintex 3000» құрылғысының тиімділігін дәлелдеген. Зертханалық зерттеулер үшін алынған топырақ сынамасы біркелкі, әртүрлі қабаттағы топырақ араласпайды.
«Wintex 3000» әртүрлі көліктерге жабдықтау ыңғайлы. Бараев орталығы зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында УАЗ Пикап автокөлігін де сатып алып, «Wintex 3000» топырақ сынама алғышын орнатты.
скачать dle 12.0
1 452 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх