Оқу дәрісханасы безендірілді


Жаңалықтар
Көкшетау қаласындағы С.Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институттың №113-ші оқу дәрісханасы танымдық ақпараттармен безендірілді.

Жоғары оқу орнының студенттері А. И. Бараев атындағы АШҒӨО тарихы (2 көрме сөресі), А. И. Бараевтың, В.П. Кузьминнің өмірбаяны (2 көрме сөресі) жазылған, арнайы қабырға стендтерімен (7 дана) таныса алады.

Сонымен қатар, болашақ мамандар ауыл шаруашылығын механикаландыру туралы альбомнан астықты өңірдің өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне арналған маңызды ақпараттар табатынына сенім мол.

Осынау тәрбиелік мәні зор тарихи жәдігерлерді А.И.Бараев атындағы АШҒӨО С.Сәдуақасов атындағы институтқа сыйға тартты. Игілікті іске мұрындық болып,жетекшілік жасаған, ғылыми орталықтың бас директоры, академик, профессор, а.ш.ғ.,докторы К.К.Абдуллаев.
скачать dle 12.0
932 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх