Көктемгі егіс науқаны аяқталды
Жаңалықтар
Бидай 2 500 гектар жерге себілді.
А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында көктемгі егіс науқаны дер кезінде аяқталды.
Бараевтық диқандар науқанды майлы дақылдарды егуден бастаған еді. Орталық бұрынғы жылдары егінжайдың гектарынан 18-20 центнерге дейін өнім алып келген. Өткен жылы нақты егіншілік жүйесіне сай тыңайтқыштар қолданылды. Бұл күзде астықтан сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Биыл да қамбадан қырманға тек жоғары сұрыпты отандық тұқым тасылды. Енді күзде бидай бітік шығып, өнімді мол аламыз деп отыр диқандар. Биыл негізгі дақыл - бидай 2 500 гектар жерге себілді. Егіс науқанының сәтті аяқталуына арнайы техниканың барлығы дерлік қатыстырылды.
1 398 -рет қаралды