«Диқан қазынасы» жинағының тұсаукесері өтті


Жаңалықтар

Бүгін 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Бараев орталығының қолдауымен жарық көрген «Диқан қазынасы» атты жинақтың тұсаукесері өтті.
Шараға А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Кенже Абдуллаев пен осы орталықтың қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Зейін Әліпбек қатысып, сөз сөйледі.
Кітапты құрастырған, алғы сөзін жазып баспаға әзірлеген әлеуметтік кәсіпкер, мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаров.

«Талапты азаматтың ұсынысын қабылдап, осы еңбектің шығуына қолдау білдірудегі мақсатымыз – халқымыздың шаруашылық жүргізу мен табиғатты аялауға қатысты танымдық көзқарастарын паш ету. Сондай-ақ, дәнді дақылдар, жеміс-жидектер мен ағаштардың адамның күнделікті өмірінде айрықша маңызға ие екендігін төл әдеби мұрамыз арқылы айқындап, қоғамның агрономиялық қана емес, экософиялық тәлім-тәрбиесіне септігімізді тигізуді көздедік», - деді Кенже Абдуллаев.
Академиктің айтуынша, бұл тұрғыда кітаптағы құнды дүниетанымның, аталы сөздер мен тәмсілдердің, аңыздар мен жұмбақтардың мәні зор.
 
«Ауылшаруашылық өндірушілерінің ілкі шаруашылық дүниетаным қабаты мен ғасырлар бойғы өндірістік тәжірибесі көрініс тапқан еңбекті жариялаудың маңызы зор. Еліміздегі кітап өндірісінде дәл осылай кәсіптік топтау үдерісі алғаш рет жүзеге асырылып отыр», - деп түйіндеді танымал журналист Зейін Әліпбек.

Жинаққа егіншілік-бағбандық мәдениетіне қатысты тақырыптық фольклорлық материалдар енгізілген. Алпысқа жуық аңыз-әпсана ертегі-қиссадан құралған «мифтік» – бірінші тарауда да, кейінгі бес мың қаралы мақал-мәтелдік, жұмбақтық тарауларда да – егіншілік пен дәнді дақылдар, бақша өсімдіктері, жеміс-жидектер мен көкөністер, емдік шөптер тақырыптары кеңінен қамтылған.

Кітап ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері мен сала мамандарына, мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
скачать dle 12.0
1 041 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх