А.И.Бараев атындағы АШҒӨО мен америкалық Baumgartner Agricultural компаниясымен арадағы келісімшарт сәтті іске асты
Жаңалықтар

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО майлы және бұршақ дақылдары селекциясы зертханасының қызметкерлері америкалық Baumgartner Agricultural ЖШС компаниясымен арадағы келісімшарт аясында жүгері үлгілеріне зерттеу жүргізді. Үлгілердің өсіп-өну кезіне фенологиялық бақылау жүргізілді. Жиын-терімге дайындық барысында алқаптарда құрылымдық талдама жүргізілді. Талдау барысында тәжірибе жүргізілген жүгерінің өнімділік құрылымындағы элементтері, атап айтқанда сабағының ұзындығы, бір өсімдік бойындағы жапырақтардың саны, собықтардың саны, 1 собықтың ұзындығы есепке алынды. Жүгерінің орташа ұзындығы 150 см-ді құрайды. Бұл биылғы жағдайда жақсы көрсеткіш болып табылады. Әр өсімдікте ұзындығы орташа алғанда 20 см болатын 1-2 собық өсіп жетілген. Келісімшарттың талаптары толық көлемде іске асады.