Американдық "Baumgartner Agricultural Science and Service" ЖШС өкілдерімен кездесу өтті
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО американдық "Baumgartner Agricultural Science and Service" ЖШС өкілдерімен кездесу өткізілді.

Қолданыстағы № 1/2019 шарт шеңберінде көктемде жүгерінің FAO 200 тұқымы тест үлгісінде себілген болатын. Сынақ егу 5 маусымда өтті. 10 күн бойы бірыңғай өсім байқалды. Тәжірибе жүзінде "Baumgartner Agricultural Science and Service" ұсынған екі қайталауда 15 гибрид зерттелді. Гибридтердің өнгіштігіне далалық бағалау жүргізілді, ол 90-98% құрады, сондай-ақ жүгері будандарының вегетациялық кезеңін зерттеу жүргізілді.

Қазіргі уақытта будандарда собықтың қалыптасу кезеңі жүріп жатыр. Шетелдік әріптестер жүгері будандарының егістерін тексеріп, атқарылған жұмысқа ризашылықтарын білдіріп, одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
928 -рет қаралды