Дұрыс міндеттер қойылды


Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 3 млн гектарға дейін ұлғайтуды тапсырды. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту – өзекті мәселе.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы ғылымындағы жағдай ерекше назар аударуды талап ететінін атап өтті. Онсыз біз ұлттың келешектегі дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Үкімет бұл проблеманы ғылыми зерттеулердің деңгейін арттыру және оларды практикада қолдану тұрғысынан қарағаны жөн.
А.И.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталық (ҒӨО) қызметкерлері Мемлекет басшысының идеяларын толығымен қолдай отырып, Жолдауда агроөнеркәсіп кешені мен ғылымды дамыту саласына қатысты дұрыс міндеттер қойылды деп санайды.
Қазіргі таңда А.И.Бараев атындағы ҒӨО еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде суармалы полигон (ақылды полигон) құру мәселесі бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жүргіземіз. Ол үшін АШҒӨО «Valmont» америкалық компаниясымен келісім жасады және бүгін біз олармен нақты суару саласында ынтымақтастыққа қол қойдық. Жоба ауыл шаруашылығы дақылдары мен ирригациялық жүйелерді өсірудің жаңа инновациялық агротехнологияларын, сондай-ақ АШҒӨО базасында мониторинг және бақылау технологияларын көрсетуге бағытталған. Компания ғылыми орталыққа жаңа буын үш жаңбырлатқыш қондырғысын жеткізді. Жаңа агрегат өнімділікті арттыруға және су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жобаға сәйкес, ҒӨО базасында үш мың гектар жер суарылатын алқап болмақ. Біздің алдын ала ғылыми ізденістеріміз бойынша мұндай жобалар елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бұл жоба тек астық дақылы ғана емес, сондай-ақ әртараптандыру бағдарламасына қатысатын ауыл шаруашылығы дақылдарын нақты суарудың арқасында жүзеге асырылады. Атап айтқанда, солтүстіктегі соя, жасымық – Орталық Қазақстанда, жүгері мен мақта – Түркістан облысында. Бұл жоба Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне шетелдік инвестицияларды тартуда серпін беретіні қуантады. Бұл туралы Президент өзінің Жолдауында да атап өтті.
Суарудың рөлін ауыл шаруашылығында асыра бағалау қиын. Ал қазіргі жағдайда өнімділігі аз жерлерді түбегейлі жақсартуға және оларды жоғары өнімді жерге айнал­дыруға болады, бұл экономикалық мақсат­ты­лықтың негізі.
Ал әлемдік ауыл шаруашылығы заманауи жағдайда өндірілетін өнімнің ғылымды қажетсінуін күшейту бағытында қозғалып келе жатқандықтан, бұл жағдайда Қазақ­станға да даму институттарында, ғылыми орталықтарда және технологиялық жобаларда АӨК-тегі жоспарларға жетекші ғылыми бағдарламаларды практикалық байланыстыру қажет. Республикада ауыл шаруа­шылығының елеулі өсуіне бағыт­талған агросекторды инновациялық дамыту­дың объективті, шынайы, қазіргі заманғы және мемлекет жақсы қолдайтын стратегиясы қажет. «Ақылды» суландыру, тыңайтқыштарды қолдану және ауыл шаруа­шылығы дақылдарын диверсификация­лауды енгізу – тек осы жағдайда ғана елеулі табыстарға қол жеткізуге және қазақ­стан­дық ауыл шаруашылығын әлемдік деңгейде толық бәсекеге қабілетті етуге болады.
 
Кенже АБДУЛЛАЕВ,
А.Бараев атындағы АШҒӨО
бас директоры, профессор

https://egemen.kz/article/209728-durys-mindetter-qoyyldyскачать dle 12.0
1 078 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх