АШҒӨО ғалымдары Ақмола облысының шаруашылықтарында егілген Орталық селекциялаған бидай сұрыптарының өнімділігін бағалады
Жаңалықтар

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары, атап айтқандаауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы бөлімінің меңгерушісі А.Т.Бабкенов, және ауыспалы егістер тобының жетекшісі А.А.Қияс А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның селекциясы болып табылатын жаздық бидай сұрпын алқаптарына еккен Ақмола облысының бірқатар шаруашылығына барып қайтты.
«Достық-06» ЖШС-да менеджер О.Сараев пен А.Т.Бабкенов «Шортандинская 2012» жаздық жұмсақ бидай сұрпын егу актісін толтырып, қол қойды. Бұл сұрып аталмыш шаруашылықта гектарынан13 центнер өнім беріп, дәнмаңызы 25%-ды құрады. А.Т.Бабкенов және А.А:Қияс «Достық-06» ЖШС-дағы шыққан астықтың шығынын бағалады. Жиын-терім жұмыстары жүргізілген кезеңдеекпіні 20 м/секундқа дейін жеткен қатты дауыл кезіндеастықтың төгілгені байқалды. Осы фактордың себебіненықтимал шығындар 10-20%-ды құрауы мүмкін.
«Фермер 2002» ЖШС (директоры В.А.Пельцер) «Шортандинская 95 улучшенная» жаздық жұмсақ бидай сұрпын сепкен болатын. Осы шаруашылықта бұл сұрып пардағы алқапта гектарынан 17,0 центнер өнім беріп, дәнмаңызы 26%-ды құрады, құлау саны 200 секундтан артық, яғнитауар жіктемесіне сәйкес астық 3 кластың талабына сәйкес келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, «Шортандинская 95 улучшенная» сұрпыАқмола облысының аумағында 2019 724 500 га алқапқа себілген.