"Целиноградтық мерейтойлық" - тік өсетін арпабас


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Р.М. Абдрашитова, Н.И. Филиппова, С.М. Дашкевич.
Шабындық және жайылымдық мақсатта пайдаланылатын жаңа дақыл.


Бұтасы тік, биік келетін, жапырақтары тамырдан басталып, дегелектене орналасатын өсімдік. Жапырақтану деңгейі жоғары — 43-53,3 пайыз аралығында. 1000 дана тұқымның салмағы 5,0-6,5 грамм. Ерте көктемде шығады, еріген қар су астында 7 күнге дейін сақталады.

Өсіп-өну кезеңі пішенге орып алғанға дейін — 63 (61-67 ) күн, тұқымы піскенге дейін 94 (90-102) күн болады. Солтүстік Қазақстанның қатаң топырақтық-климаттық жағдайларында қысқы салқынға және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары.

Ылғалдандыруды жақсы қабылдайды, ылғал мол болған жылдары бір маусымда екі рет жинап алуға да болады. Жоғары өнімділігі 5-7 жылға дейін сақталады. Зиянкестер мен ауруларға қарсы қорғаныс қабілеті бар.

Өсіп-өну кезеңінде  сорттың көк шөп күйіндегі өнімділігі — 77, 9 ц/га, кептірілген күйінде — 40,2 ц/га, тұқым жинау бойынша 2,3 ц/га болды. Кептірілген шөп құрамында9,9-10,5 пайыз шикі протеин, 27,0-30,2 пайыз шикі клетчатка бар. Азықтық бірлік көрсеткіші — 0,65 кг/кг.

Тік өсетін арпабас сорты 2014 жылдан бастап Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған, ерте көктемдегі балғын шөп, пішен және жайылым ретінде пайдалануға жарамды. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
1 695 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх