"Арман" (Колутондық) - көгентамырсыз бидайық


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.Г. Соловьева, Е.И. Парсаев, О.С. Хориков.
Өсіп-өну мерзімі орып алғанға дейін (масақтану кезеңі) — 56-67 күн, тұқымы піскенге дейін 95-99 күн болады. Бидайықтың пішенге орып алуға әзір болатын уақыты еркекшөптен гөрі 5-6 күнге кешеуілдеп келеді.

Сорттың тозаңды қара күйеге төзімділігі — орташа, ал құба зеңге, сондай-ақ топырақтың сортаңдануына төзімді келеді. Қысқы салқын мен құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, ылғалдандыруды жақсы қабылдайды.

Өсімдіктің биіктігі бірінші орып алғанға дейін — 62 см, екінші орымда 43 см болады. Жапырақтану деңгейі жоғары, жапырақтар біркелкі орналасып, бірінші шыққанда олардың үлесі 65,5 пайыз, екінші орымда 76,1 пайыз болады. Суармалы егісте өсімдік 79 сантиметрге дейін өсіп, жапырақтану үлесі 63 пайыз болады. Суармалы егісте гектарынан — 52-94 ц аралығында, сортаңда 15-41 ц пішен алынған. Аймаққа тән топырақта кепілдендірілген тұқым өнімі гектарына 2-7 ц аралығында болды. Ал сортаң  топырақта көгентамырсыз бидайықөсімдігініңтұқым шаруашылығын жүргізу еш пайда бермейді.

Кептірілген шөпте шикі протеиннің үлесі 13,8 пайыз, клетчатка — 28,2 пайыз, май — 1,6 пайыз, күл — 8,3 пайыз болады, азықтық бірлік көрсеткіші — 0,60 кг/кг.

Сорт 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Ақмола облысында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
2 612 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх