"Қызылжар" - көкшіл сұр бидайық


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары:Р.М. Абдрашитова, Н.И. Филиппова, Е.И. Парсаев, В.Г. Соловьева, С.М. Дашкевич.
Қызыл Жар бидайығының пішенге орып алуға әзір болғанға дейінгі өсіп-өну кезеңі — 72 күн, тұқымы пісіп-жетілгенге дейінгі уақыт — 114 күн. Солтүстік Қазақстандағы негізгі мал азығындық дақыл саналатын еркекшөппен салыстырғанда, өндіріске қолайлы бір ерекшелігі — көктемде 2-3 күн кешірек шығады да, өсу қарқыны баяу болады, сондықтан орып алатын уақыты еркекшөптен гөрі — 10-12 күнге, көгентамырсыз бидайықтан 5-7 күнге кешірек келеді. Жыртылған жерді өңдеген кезде қиындықтар тудырмайды.

«Бектау» ЖШС-ның шалғындық-далалық ортанатрийлі сортаңындакөкшіл сұр бидайықты пішен өнімі — 19,8 ц/га, қою қоңыр сортаңды, ұсақ тасты топырақта — 18,3 ц/га мөлшерінде болды.

Қызыл Жар сорты топырақтың аз мөлшердегі тұздылығына қарамастан, тұрақты өнім береді, қысқы салқынға, құрғақшылыққа төзімділікпен ерекшеленеді. Түрлі аурулар мен зиянкестерге қарсы қорғаныс қабілеті жоғары. Сынақтан өткізген жылдарда аурулардан зардап шегу жағдайлары байқалмады. Ылғалдандыруды жақсы қабылдайды, 5-7 жыл қатарынан мол өнім береді. Өсімдіктің биіктігі — 120 (75-145) см. 1000 дана тұқымның салмағы — 5,4 (5,0-6,4) г.

Масақтану кезінде көк шөптен 116,1 ц/га мөлшерінде орташа өнім алынады, пішен түрінде орташа өнімділігі — 60,1 ц/га, тұқымның алынуы — 4,0 ц/га. Көкшіл сұр бидайық пішеніндегі шикі протеин үлесі кейбір жылдары 13,3 пайызға жетсе, бірнеше жылдық орташа көрсеткіш 11,8 пайыз болды.

Сорт 2011 жылы  Қазақстан Республикасыныңселекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енген және Павлодар, Қостанай облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
2 508 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх