"Есілдік мерейтойлық" - қылтықсыз арпабас


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Н.И. Филиппова, Р.М. Абдрашитова, Е.И. Парсаев, Н.Н. Слепкова, В.Г. Соловьева.
Шауып алуға арналған сорт. Ерте көктемде шығады, 10-12 см шамасындағы көктемгі еріген суға 10 күнге дейін, өнімділік мөлшерін төмендетпей, шыдас бере алады. Өсіп-өну кезеңінде бір немесе екі рет орып алуға болады. Өсімдіктің биіктігі — 93 (73-143) см.

Өсіп-өну кезеңі пішенге шауып алғанға дейін — 56-64 күн, тұқымдық пісіп-жетілуі — 103 (98-105) күн. Құба зең, қаракүйе тәрізді зиянкестерге төзімді келеді. 1000 дана тұқымның салмағы — 3,5 г . Солтүстік Қазақстанның қатал топырақтық-климаттық жағдайларында қысқы салқын мен құрғақшылыққа төзімді боп келеді.

Өсіп-өну кезеңінде сорттың көк қалпындағы өнімділігі гектарына 143,3 центнер болады, кептірілген күйінде — 55,5 ц/га, тұқымы — 4,0 ц/га.

Кептірілген шөпте шикі протеиннің үлесі — 11, 97-13,5 пайыз аралығында, шикі клетчатка — 27, 9-28,0 пайыз аралығында, сіңімді протеин 7,51-7,6 пайыз аралығында болады. Ауыспалы қуат — 9,26 мДж, азықтық бірлік  — 0,695 кг/кг.

Қылтықсыз арпабастың Есілдік мерейтойлық сорты 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.



скачать dle 12.0
2 043 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх