"Шортандылық 95" жетілдірілген жаздық бидай сорты туралы не білеміз?


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: А.С. Ермилов, Р.Н. Оковитая, А.Т. Бабкенов, В. Ремхен, Т.В. Шелаева, В.И. Коберницкий.
Сорт гибридтік топтан [(Пиротрикс 28 х Джастин) х Целинная 21] х (Целинная 60 х Лютесценс57/76) жалпылай таңдау арқылы сатылы гибридтеу әдісімен алынған.

Лютесценс түршесіне жатады. Дәні — ірі, жұмыртқа тәріздес, қызыл, мөлдір. Орта кешірек мерзімде пісетін сорт, өсіп-өну кезеңі — 95-100 күн. Шортандылық 95 жетілдірілген сорты шаруашылыққа тиімділігі жағынан құнды қасиеттерге ие: мол өнім береді, құрғақшылыққа төзімді, ылғалмен қамтылған топыраққа сезімтал келеді, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі — Целинная юбелейная стандарты деңгейінде. Өзіне тән артықшылығы — жапырақ аппараты жақсы жетіліп, сабақтарының берік келетіні. Ең жоғары өнім — 42 ц/га.

Желден құлау, шашылу, сыну және масағының жапырылуы сынды құбылыстарға төзімді.  

Байқау мақсатындағы сорт сынағы кезінде пар айдалған алқаптағы орташа түсімі — 27,9 ц/га болып, Целинная юбилейная сортынан 2,9 ц/га көрсеткішке асты.

Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы тәжірибелік стансасының мәліметі бойынша, пар айдалған алқапқа егілген Шортандылық 95 жетілдірілген сортынан 23,3 ц/га орташа өнім алынған, бұл стандартты Омская 19 сортынан 1,7 ц/га көрсеткішке артық. Дәні жоғары сапалы: дән көлемінің салмағы 808 г/л, мөлдірлігі 83 пайыз, 1000 дана дәннің салмағы — 39,2 г, дән құрамындағышикі ұлпа — 32,2 пайыз, белок 15,7 пайыз, ұндық-нандық қуаты 315 е.а., ұндық-нандық қасиетіне берілетін жалпы баға — 4,6 балл, тиісіншестандартқа тән көрсеткіштер: 808 г/л, 69 пайыз, 35,4 г, 29,6 пайыз, 14,3 пайыз, 300 е.а., 4,5 балл.

Дән сапасының көрсеткіштері жөнінен сорт стандарттан гөрі дәнінің ірілігі, мөлдірлігі, белок пен ұлпаның үлесі, ұндық-нандық қуаты, қамырдың сұйықтығы, валиометрлік бағасы арқылы озық, сондай-ақ,1000 дана дәнінің салмағы да артығырақ, Шортандылық 95 жетілдірілген сорты ұнынан алынатын нан көрсеткіші — 70 пайыздан жоғары.

2006 жылдан бастап Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат берілген.
скачать dle 12.0
1 963 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх