Нақты егіншілік әдістерін енгізу бойынша кеңесші Волькмар Хербст семинар өткізді


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ға Германиядан нақты егіншілік әдістерін енгізу бойынша кеңесші Волькмар Хербст келді. Бүгін оның қатысуымен дөңгелек үстел-семинар ұйымдастырылды.
Іс-шарада Германия және басқа да елдерде нақты егіншілік жүйесін пайлану тәжірибесі сөз болып, фермерлік шаруашылықтарда нақты егіншілік технологиясының практикалық қолданыстағы мәселелері талқыланды. Семинарға АШҒӨО-ның нақты егіншілік бойынша мамандары қатысты.

Жоспар бойынша В.Хербст картография, ұшқышсыз ұшатын аппараттардан және спутниктен алынған суреттер мен мәліметтерді өңдеу, егістің фитосанитарлық жағдайын IT-технологиялар көмегімен бақылау туралы сұрақтарға жауап беріп, тәжірибесімен бөліспек.

Осыған қоса германиялық сарапшы Бараев орталығының Жобаларды басқару орталығымен танысты. Айта кетейік, биыл нақты егіншілік технологиясының элекменттері АШҒӨО-ның тәжірибелік алқаптарында алғаш рет пайдаланған еді.

Іс-шараның қорытындысы ретінде германиялық маман АШҒӨО-да қолға алынған нақты егіншілік жүйесін практика жүзінде енгізу туралы кеңес беріп, әріптестік бойынша өз ұсыныстарын ұсынады.
скачать dle 12.0
1 288 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх