"А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС агрономдар үшін біліктілікті арттыру курстары өтті


Жаңалықтар / Жаңалықтар






"А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС-де агрономдар үшін "Дәнді, дәнді-жемдік, дәнді-бұршақты және жарма дақылдарының сорттық егістіктерін апробациялау" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті.Курс тыңдаушылары ZOOM платформасында онлайн режимінде апробация әдістемесі мен апробация бойынша ұсынылған материалдар мен нормативтік-техникалық құжаттарды өз бетінше зерделеді. Сынамаларды, бауларды іріктеу бойынша практикалық танаптың сабақтар Орталықтың тәжірибелік алқаптарында өтті.Зертханалық-практикалық сабақтарда болашақ апробаторлар баулық материалды талдап, апробация бойынша жұмысты құжаттауды пысықтады.
Оқу қорытындысы бойынша барлық курс тыңдаушылары сынақты сәтті тапсырды. Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін 2022 жылғы қаңтардан бастап сорттық егістіктерді танаптық апробациялаудың жаңа қағидалары мен әдісі күшіне енеді, сондықтан апробаторларды даярлау мектебінің жұмысы келесі жылы жалғасатын болады.
скачать dle 12.0
482 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх