АШҒӨО-да жыл қорытындысына арналған кеңес өтті


Жаңалықтар


А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да жыл қорытындысына арналған ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті.

Орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды орындау бойынша ғалымдар ұжымының табысты жұмысын атап өтті, жаңа жобаларды, соның ішінде шетелдік серіктестермен әзірлеу үшін ғылыми жұмыстың болашағы мен бағыттары туралы айтты.

Кеңесте сондай-ақ жас ғалымдардың біліктілігін арттыру үшін ғылыми орталықтар мен институттарға шетелдік тағылымдамалар бойынша жоспарлар талқыланды.

Кенже Қожахметұлы кеңеске қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ғылыми бөлімге арнайы сыйлық - теледидар табыс етті.
скачать dle 12.0
986 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх