Орталық ғалымдары дәнді бұршақ дақылдардың селекциялық материалын жинауда
Жаңалықтар / Жаңалықтар
Дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың селекциясы зертханасының қызметкерлері BR0765000 "Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында оларды орнықты өндіру үшін өсімдіктердің биотехнологиясына, генетикасына, физиологиясына, биохимиясына қол жеткізу негізінде дәнді-бұршақты дақылдардың жоғары өнімді сорттары мен будандарын құру" ҒТП шеңберінде дәнді-бұршақты дақылдардың (асбұршақ, жасымық және ноқат) селекциялық материалын жинауды жүргізeде.
2023 жылы биотехнология, өсімдіктер физиологиясы, астық сапасының биохимиясы жетістіктерін пайдалана отырып, жаңа сорттарды құру кезінде қажетті формаларды іріктеу мақсатында бұршақ дақылдарының 1794 үлгісі (асбұршақ бойынша - 1313, ноқат бойынша – 120, жасымық бойынша – 345) зерттелді. Дәнді-бұршақ дақылдардың коллекциялық үлгілерін фенотиптеу және генотиптеу жүргізілді, олардың шаруашылық-биологиялық көрсеткіштері анықталды. Өсімдіктердің абиотикалық стресске төзімділігін бақылайтын гендер оқшауланды және талданды.
Молекулалық SNP маркерлері әзірленді және нақты уақыттағы ПТР және планшеттердегі флуоресцентті жарқылды өлшеу арқылы ноқат пен жасымық өсімдіктерінің генотипін жасады.
Зертханада жүргізілетін селекциялық жұмыстар өзінің сипаттамалары бойынша қатаң жергілікті жағдайларға барынша бейімделген өсірілетін сорттардан асатын, өндірістік маңызы зор дәнді-бұршақ дақылдардың сорттарын құруға бағытталған.
484 -рет қаралды