Дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың селекциясы зертханасының қызметкерлері жылыжай кешені жағдайында қысқы тәжірибелерді салуды жүзеге асыруда


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


Дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың селекциясы зертханасының қызметкерлері жылыжай кешені жағдайында қысқы тәжірибелерді келесі бағдарламалар бойынша салуды жүзеге асырды:

- Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында орнықты өндіру үшін биотехнология, генетика, физиология, өсімдіктер биохимиясы жетістіктері негізінде майлы және жарма дақылдарының жоғары өнімді сорттары мен будандарын құру. BR10765000;

-Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында орнықты өндіру үшін өсімдіктердің биотехнологиясы, генетикасы, физиологиясы, биохимиясы жетістіктері негізінде дәнді бұршақ дақылдарының жоғары өнімді сорттары мен будандарын құру. BR10764991

Дәстүр бойынша, қыс мезгілінде селекциялық процесті қысқарту мақсатында дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың селекциясы зертханасының қызметкерлері перспективалы бастапқы материалды (Pisum sativum, Lens culinaris, Siseg arietinum, Linum usitatisimum L.) себуді жүзеге асырады, кейіннен алынған будандарды селекциялық процесс схемасына тартады. Зерттеу шаруашылық-құнды белгілердің көздерін бөліп көрсету және олардың негізінде жоғары өнімділікпен және кепілді пісіп-жетілуімен сипатталатын Солтүстік Қазақстан жағдайында селекция үшін астық сапасы бойынша құнды жаңа жоғары өнімді, технологиялық, зиянкестер мен ауруларға төзімді материал жасау үшін жүргізіледі.

скачать dle 12.0
815 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх