А. И. Бараев атындағы АШҒӨО басшылығы мен ғалымдары ​"Нұрай Н" шаруашылығы өкілдерімен ынтымақтастық және ғылыми серіктестік бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар белгіледі


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


2 наурызда «Запорожье Агро» ЖШС базасында «2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы» ғылыми-өндірістік кеңес өтті. Шараға А. И. Бараев атындағы «Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің аграрлы қсала ғалымдары қатысты. «Нұрай-Н»-нің бас директоры Тілеужанов Бақытжан өз сөзінде екі тараптың назарын ғылым мен бизнестің тығыз өзара іс-қимылының өзекті мәселелеріне аударды.


Маңызды аграрлық кеңес барысында А. И. Бараев атындағы АШҒӨОЖШС басқарма төрағасы. Серекпаев Нурлан Амангелдіұлы ғылым мен бизнестің даму перспективалары туралы және өндірістік тәжірибелерді ғылыми қамтамасыз ету форматында сөз қозғап, өз ұсыныстарын жеткізді.

Егіншілік бөлімінің басшысы Ноғаев Әдібек өсімдік шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Одан әрі ғалым-селекционер Татьяна Шелаева жиынға қатысушыларды «Нұрай-Н» шаруа қожалығының топырақ-климаттық жағдайында дәлдік деңгейде өсіруге болатын астық шаруашылығы орталығының ұсынылған перспективалы сорттары мен дақылдары туралы баяндап берді.

Айта кету керек, жемісті ынтымақтастықтың арқасында осы шаруашылықта КЕЖ-ға дайындықтың өзекті мәселелері бойынша қызықты пікірталас өтті. Оның барысында Владимир Заболоцких салыстырмалы мәліметтерді мысалға ала отырып, метеорологиялық ерекшеліктерге тоқталды. Биылғы жылғы қарды ұстау және топырақты өңдеудің агротехникалық әдістері туралы да тың деректерді баяндады.


Кездесу соңында тараптар 2022-2026 жылдарға арналған ұзақ мерзімді жоспарлар белгілеп, ынтымақтастық шараларын бұдан әрі де туралы бір ауыздан шешімге келді.

скачать dle 12.0
461 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх