Құрметті арулар! ​8 - НаурызХалықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


Жылы шырайлы көктемнің алғашқымерекесі адамзаттың көңілін жадырата келген 8-Наурызмерекесімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнде нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты аруларымыз өлшеусіз үлес қосып келе жатқандығы ақиқат. Отбасы мен бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.

Олай болса, біздің А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының әйелдер қауымының да бұл істе үлесі басым. Сіздер ғылыми орталығымыздың дамуы мен гүлденуіне орасан зор үлес қосып келесіздер. Қашан да ғылыми әлеуетіміздің дамуы мен қарыштауы жолындағы ерен еңбектеріңізді біз мақтанышпен айта аламыз.

Баршаңызға мереке құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірде әйел жаққан шырақ сөнбейді. Ендеше осы бір шуаққа толы мейрамдарыңыз құтты болсын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!


Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!


Ізгі тілекпен Басқарма төрағасыН.Серекпаев

скачать dle 12.0
405 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх