Жастар және ғылым – болашаққа көзқарас


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

2022 жылғы 12 сәуірде Қазақстан ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай «Сейфуллин оқулары-18: «Жастар және ғылым – болашаққа көзқарас» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараның пленарлық отырысын «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ басқарма төрағасының ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Исмаил Тасанбиұлы құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде іргелі және қолданбалы ғылымның түйіскен тұсында еліміздегі беделді аграрлық жоғары оқу орындарының бірі Қазақ агротехникалық университеті мен оның еншілес ғылыми мекемелердің рөлі мен орны артып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта ресурстарды біріктіру нәтижесінде академиялық ғылыми әлеует айтарлықтай артты. Жас ғалымдардың алға жылжу белсенділігі байқалады, бұл жоғарыда аталған диалог алаңында расталды.


Пленарлық отырыста конференцияға қатысушылар мен қонақтарды құттықтау сөзімен «А.И.Бараев атындағы СПЦЗ» ЖШС басқарма төрағасы Серекпаев Н.А, ТОО «Қазақ орман шаруашылығы жәнеагролесомелиорация КазНИИЛХ» Рахымжанов А.Н. С.Сейфуллина атындағыКАТУ Топырақтану және агрохимия кафедрасының меңгерушісі, Жас ғалымдар алқасының басшысы Бұлхайрова Ж.С. сөз сөйледі. Өз сөзінде олар қалыптасқан дәстүр бойынша мұндай деңгейдегі конференция студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен жас ғалымдардың жұмыстарын қарастыру үшін танымал диалог алаңы қызметін атқаратынын атап өтті. Олардың әрқайсысы үшін осындай маңызды ғылыми іс-шараларға қатысу – ғылыми жұмыстарын атап өтуге, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша сындарлы пікір алмасуға, инновацияларды, зияткерлік дағдыларды дамытуға, жастар арасында ғылымды насихаттауға тамаша мүмкіндік.


Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін баяндамаларды тыңдау бойынша конференция жұмысы 14 секция бойыншы жалғасты. А.И.Бараев атындағы ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында конференция екі секцияда оффлайн және онлайн режимінде өтіп, оған Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының 89 жас ғалымдары қатысты.

Сонымен бірге А.И., Бараева атындағы АШҒӨО, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Қарабалық АШТС, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Ә.Н.Бөкейхан атындағы Қазақ орман және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары қатысты.

Секциялық отырыстарда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 28 баяндама тыңдалды.

Шақырылған қатысушылардың арасында Ресей Федерациясының өкілдері болды. Атап айтқанда; «Омск аграрлық ғылыми-зерттеу орталығы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі, Томск мемлекеттік университеті, Бүкілресейлік органикалық тыңайтқыштар ғылыми-зерттеу институты – «Верхневолжский ФАНК» Федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің филиалы т.б.

Конференция нәтижесінде үздік ғылыми жұмыстар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

1-секция: «Түрлі өңдеу технологиялары кезінде өнімділікке топырақтың өнімді ылғал қорының өнімділік әсері» - Бодри К.В., «Батыс Сібірдің орманды даласындағы қант құмайының өнімділігін арттыру» - Тимохин А.Ю.; «Ақмола облысы жағдайында әр түрлі шаруашылық жүйелеріндегі жаздық тритикаленің өнімділігі» - Назарова П.Е.; «Жаһандық көміртегі айналымына жасанды орман өсірудің әсері» - Скотт С.А.; «Су эрозиясының көріністерінің динамикасын қашықтықтан бақылау» - Лисенович А.В.; «Минералды тыңайтқыштарды қолдану кезіндегі топырақтағы микроэлементтер мөлшерінің динамикасы» - Зуева Н.Б.; «Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында күздік бидай егістіктің фитосанитариялық жағдайы» -Базарқұлы Ж.Н.


2 секция: А.И. Бараева атындағы АШҒӨО. Тен Евгений Алексеевич, 2021 жылғы Ақмола облысы жағдайында жасымықтың бәсекеге қабілетті сорт сынауының нәтижелері, Кузбакова Маржан Маратқызы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ», Жасымық өндірісінің қазіргі жағдайы; Қайыржанов Елжас Қонспекұлы, А.И. Бараеа атындағы АШҒӨО ЖШС, Жаздық жұмсақ бидай селекциясы. тақырыптары қамтылып жан-жақты пікірталас болды.




скачать dle 12.0
360 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх