Бос жұмыс орындары


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Ғылыми блок

Зертхана меңгерушілері-бірлік

Көп жылдық астық тұқымдас шөптердің селекциясы зертханасы

Зертхана меңгерушісі-1 бірлік

Агрохимия және тыңайтқыштар зертханасы

Зертхана меңгерушісі-1 бірлік

Талаптар: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD), ғылым магистрі ғылыми дәрежесінің, ғылыми еңбектерінің, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесінің немесе "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "Өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия""Экология","Биотехнология","Биология","Химия"мамандықтары бойынша көрсетілген жұмыс тәжірибесі бар тиісті білім саласындағы жоғары білікті мамандарының болуы.


Топ жетекшісі-Бірлік

Жаздық бидайдың бастапқы тұқым шаруашылығы тобы

Топ жетекшісі-1 бірлік.

Талаптар: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD), ғылым магистрі ғылыми дәрежесінің, ғылыми еңбектерінің, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесінің немесе "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия", "Экология", "Биотехнология", "Биология", "Химия" мамандықтары бойынша көрсетілген жұмыс тәжірибесі бар тиісті білім саласындағы жоғары білікті мамандарының болуы.


Аға ғылыми қызметкерлер-бірлік

Адаптивті және агроландшафттық технологиялар зертханасы

Аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

Нақты егіншілік зертханасы

Аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

Биохимия және ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын технологиялық бағалау зертханасы

Аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

Талаптар: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD), ғылым магистрі ғылыми дәрежесінің, ғылыми еңбектерінің, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесінің немесе "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "Өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия", "Экология", "Биотехнология", "Биология", "Химия" мамандықтары бойынша көрсетілген жұмыс тәжірибесі бар тиісті білім саласындағы жоғары білікті мамандарының болуы.


Ғылыми қызметкерлер - бірлік

Егістік дақылдарының агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасы

Ғылыми қызметкер-1 бірлік.

Өсімдіктерді қорғау зертханасы

Ғылыми қызметкер-2 бірлік.

Жарма және дәнді-жемдік дақылдардың селекциясы зертханасы

Ғылыми қызметкер-1 бірлік.

Топырақ-агрохимиялық зерттеулер зертханасы

Ғылыми қызметкер-1 бірлік.

Талаптар: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD), ғылым магистрі ғылыми дәрежесінің немесе жоғары кәсіби (маман дипломымен), ғылыми еңбектерінің, "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "Өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия", "Экология", "Биотехнология", "Биология", "Химия" мамандықтары бойынша өнертабыстарға авторлық куәліктерінің болуы.


Кіші ғылыми қызметкерлер-бірлік

Дәнді дақылдардың генетикалық ресурстары зертханасы

Кіші ғылыми қызметкер-1 бірлік.

Жарма және дәнді-жемдік дақылдардың селекциясы зертханасы

Кіші ғылыми қызметкер-1 бірлік.

Көп жылдық астық тұқымдас шөптердің селекциясы зертханасы

Кіші ғылыми қызметкер-1 бірлік.

Өсімдіктерді қорғау зертханасы

Кіші ғылыми қызметкер-1 бірлік.

Талаптар: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD), ғылым магистрі ғылыми дәрежесінің немесе жоғары кәсіби (маман дипломымен), ғылыми еңбектерінің, "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "Өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия", "Экология", "Биотехнология", "Биология", "Химия" мамандықтары бойынша өнертабыстарға авторлық куәліктерінің болуы.


Өндірістік блок

Өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы бөлімі

Астық қоймасының меңгерушісі-1 бірлік

Талаптар: орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімінің, қырман шаруашылығы қоймасының меңгерушісі лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің немесе есепке алу және бақылау бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің немесе жалпы орта білімінің және есепке алу мен бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Агроном-тұқымтанушы-1 бірл.

Өсімдіктерді қорғау бойынша агроном -1-бірл.

Талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (бейін бойынша доктор, PhD философия докторы, магистр, бакалавр) "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", өсімдіктерді қорғау және карантин" мамандықтары бойынша болуы және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.


Қаржы бөлімі

Бас бухгалтер-1 бірлік

Талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білімінің (бейін бойынша доктор, PhD философия докторы, магистр, бакалавр) немесе жоғары кәсіби (экономикалық, заңгерлік), практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы (бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті жасауға не аудиторлық қызметке байланысты соңғы күнтізбелік жыл ішіндегі кемінде үш жыл) сондай-ақ заңнамаға сәйкес жаңартылатын кәсіби бухгалтер сертификаты бар.


Жоспарлау-экономикалық бөлім

Мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман – 1 бірлік

Талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білімінің (бейіні бойынша доктор,философия докторы PhD, магистр, бакалавр) немесе жоғары кәсіптік (экономикалық, заң) білімінің және мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс істеу дағдысының болуы (мемлекеттік сатып алуды жүргізуге байланысты жұмыстың соңғы күнтізбелік үш жылынан кемінде бір жыл).

Мемлекеттік сатып алу бойынша маман – 1 бірлік

Талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білімінің (бейіні бойынша доктор,философия докторы PhD, магистр, бакалавр) немесе жоғары кәсіптік (экономикалық, заң) білімінің және мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс істеу дағдысының болуы (мемлекеттік сатып алуды жүргізуге байланысты жұмыстың соңғы күнтізбелік үш жылынан кемінде бір жыл).

Экономикалық зерттеулер және коммерцияландыру бойынша маман-1 бірлік.

Талаптар: жоғары кәсіби (экономикалық) білім және кемінде бір жыл жұмыс өтілі.


Құқықтық, кадрлық қамтамасыз ету және іс жүргізу бөлімі

Комплаенс-офицер-1 бірлік

Талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білімінің (бейіні бойынша доктор, PhD философия докторы, магистр, бакалавр) немесе жоғары кәсіптік (экономикалық, заңгерлік) білімінің, Юриспруденция саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы. ҚР қолданыстағы заңнамасын, оның ішінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді білу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қолданыстағы азаматтық, қаржылық, әкімшілік, Еңбек, қылмыстық құқықты, сондай-ақ заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасы.


"А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС-де бос орындар бар:

Зертханашы4 бірлік

Талаптар: орта, арнаулы орта, жоғары білімінің болуы


"А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы" ЖШС орналасқан жері: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды - 1 (Научный кенті) Бараев көшесі 15, телефон 8-716-31-2-30-29


Құжаттарды қабылдаудың басталу күні:2022 жыл 11 мамыр 9:00 сағ.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2022 жыл 17мамыр 18:00 сағ.

Құжаттарды қарау және шешімді қабылдау күні 2022 жыл 18 мамыр


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Ғылыми қызметкерлер лауазымдары конкурсына "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС-нің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар жіберіледі.

Лауазымдар конкурсына тиісті академиялық, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ практикалық жұмыс тәжірибесі бар және осы мамандық бойынша танылған жетістіктері бар мамандар жіберіледі.


Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысатын үміткерлер "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма төрағасының атына өтініш (еркін нысанда) жазады.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағын (басқа ұйымдардың қатысушылары береді);

- автобиография;

- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;

- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);

- бос лауазымдарға орналасуға 3 жылға арналған жұмыс жоспарының презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды), оның ішінде перспективалық жеке даму жоспарының презентациясы (5 слайдқа дейін);

- бос лауазымдарға орналасуға қатысушылар үшін перспективалық жұмыс жоспары.

Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.


Орындаушы: Ляшенко И.А.____________


Келісілді:

Құқықтық, кадрлық қамтамасыз ету және іс жүргізу бөлімі басшысы

Дё Д.А.______________



скачать dle 12.0
543 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх