Өндірістік және ғылыми бөлімдердің, зертханалардың басшыларының, ғылыми қызметкерлер мен мамандардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланады


Жаңалықтар


Өндірістік және ғылыми бөлімдердің, зертханалардың басшыларының, ғылыми қызметкерлер мен мамандардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланады.

Конкурсқа келесі лауазымдар қатысады:
Ғылыми блок

-Көпжылдық астық тұқымдас шөптер селекциясы зертханасы зертхана меңгерушісі -1 бірлік.

-Көпжылдық шөптер гендікқоры зертханасы зертхана меңгерушісі -1 бірлік.

-Топырақ-агрохимиялық зерттеулер зертханасы. Зертхана меңгерушісі -1 бірлік.

Талаптары: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектері, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі. 3 жылға дейінгі мерзімге тиісті білім саласындағы ғылыми дәрежесі жоқ, көрсетілген жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар тағайындалуы мүмкін.

Нақты егіншілік зертханасы : жетекші ғылыми қызметкер

Талаптар: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ірі ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға дипломдарының және өнертабысқа авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған нәтижелердің болуы.


Жаздық бидайдың алғашқы тұқым өсірушілік тобы аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

Дәнді-бұршақты дәнді-жемдік және майлы дақылдардың алғашқы  тұқым өсірушілік тобы Аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

Бейімдік және агроландшафты технология зертханасы Аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

Дәнді бұршақты және майлы дақылдар селекциясы зертханасы Аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

Көжылдық астық тұқымдас шөптер зертханасы Аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

       Талаптар: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ірі ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға дипломдарының және өнертабысқа авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған нәтижелердің болуы.


Ғылыми қызметкерлер- бірлік

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер селекциясы зертханасы ғылыми қызметкер-1 бірлік

Көпжылдық шөптердің алғашқы тұқым өсірушілігі ғылыми қызметкер-1 бірлік

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер селекциясы зертханасы  ғылыми қызметкер-1 бірлік

Көпжылдық шөптердың алғашқы тұқым өсірушілік тобы ғылыми қызметкер -1 бірлік

-Өсімдік шаруашылығын әртараптандыры және егістік дақылдарының агротехникасы зертханасы Ғылыми қызметкер -1 бірлік.

Талаптар: жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, өнертабысқа немесе ғылыми еңбектерге авторлық куәліктер;


Өндірістік блок


Бас инженер-1 бірлік

Талаптар: Жоғары кәсіби (техникалық) білім. Мамандығы бойынша маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі және маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдарды; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен технологиясын; жабдықты монтаждау, реттеу және баптау әдістерін; ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздерін; жабдыққа арналған паспорттарды, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, ақаулар ведомостерін, ерекшеліктерді және басқа да техникалық құжаттаманы жасау тәртібін; жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау қағидаларын; майлау-эмульсиялық шаруашылықты ұйымдастыруды білу; жабдықты пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптары; ұйымдағы жөндеу қызметін көрсетудің озық және отандық және шетелдік тәжірибесі; ҚР Еңбек кодексі; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.


         Механик -1 бірлік

Талаптар:  Орта кәсіптік білім. Жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес


Әкімшілік-басқару блогы

Өндіру, есепке алу және өткізу бойынша бухгалтер-1 бірлік-1 бірлік

Талаптар: Бухгалтер лауазымына жұмыс өтіліне талап қойылмаған жоғары кәсіптік білім не орта кәсіптік білім


Заңгер-1 бірлік

Талаптар: Жоғары кәсіби (заңгерлік) білім. Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес. ЖШС өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін ҚР заңнамалық құқықтық актілері, нормативтік құқықтық құжаттар, ЖШС құқықтық қызметі бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар, азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, ЖШС шаруашылық-қаржылық қызметі туралы есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібі, шаруашылық шарттарын, ұжымдық шарттарды, тарифтік келісімдерді жасасу және ресімдеу тәртібі, ЖШС құқықтық қызметін жүйелендіру тәртібі, заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып құқықтық құжаттаманы есептеу және жүргізу, экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.


Орналасуы  «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылық ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС: Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды-1 (Научный кенті) Бараев к-сі 15 телефон 87163123029

Электронды мекенжайы: tsenter-zerna@mail.ru

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні 2021 жылғы 20 сәуір сағат 9: 00.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні 2021 жылғы 27 сәуір сағат 18: 00.
Қарау және шешімді қабылдау күні 2021 жылғы 29 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін .
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ЖШС-нің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес келетін» ЖШС жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу конкурсына жіберіледі.
    Лауазымдарға орналасу конкурсына тиісті академиялық, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ практикалық жұмыс тәжірибесі бар және осы мамандық бойынша танылған жетістіктері бар мамандар жіберіледі.
Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысатын үміткерлер «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма төрағасының атына өтініш (еркін нысанда) береді.
Өтінішке келесі құжаттар қосылып беріледі:
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағын (бөгде ұйымдардың қатысушылары береді)
-автобиография;
-жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;
-қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалары
-ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар (бар болса) тізімі;
-бос лауазымдарға орналасуға 3 жылға арналған жұмыс жоспарының тұсаукесері (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес), оның ішінде жеке даму жоспарының перспективалық таныстырылымы (5 слайдқа дейін);
-бос лауазымдарға орналасуға қатысушылар үшін перспективалық жұмыс жоспары.

Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну өтінішті қабылдаудан еркін нысанда бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.


скачать dle 12.0
703 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх