Бос орындарға конкурс жарияланады


Жаңалықтар / Бос жұмыс орны / Жаңалықтар

Өндірістік және ғылыми бөлімдердің, зертханалардың, ғылымиқызметкерлер мен мамандардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланады.

Конкурсқа келесі лауазымдар қатысады:


Ғылыми блок

Зертхана меңгерушісі-бірлік

Көп жылдық астық тұқымдас шөптердің селекциясы зертханасы

Зертхана меңгерушісі-1 бірлік

Топырақ-агрохимиялық зерттеулер зертханасы

Зертхана меңгерушісі-1 бірлік

Талаптар: "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия", "Экология", "Биотехнология", "Биология", "Химия" мамандықтары бойынша көрсетілген жұмыс тәжірибесі бар, тиісті білім саласындағы жоғары білікті мамандардың немесе ғылым докторы немесе кандидаты (PhD), ғылым магистрі ғылыми дәрежесінің болуы.

Топ жетекшісі-бірлік

Жаздық бидайдың бастапқы тұқым шаруашылығы тобы

Топ жетекшісі-1 бірлік

Жарма, дәнді-бұршақ, дәнді-жемдік және майлы дақылдардың бастапқы тұқым шаруашылығы тобы

Топ жетекшісі-1 бірлік

Талаптар: "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия", "Экология", "Биотехнология", "Биология", "Химия" мамандықтары бойынша көрсетілген жұмыс тәжірибесі бар, тиісті білім саласындағы жоғары білікті мамандардың немесе ғылым докторы немесе кандидаты (PhD), ғылым магистрі ғылыми дәрежесінің болуы.

Аға ғылыми қызметкерлер-бірлік

Адаптивті және агроландшафттық технологиялар зертханасы

Аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

Нақты егіншілік зертханасы

Аға ғылыми қызметкер-1 бірлік

Талаптар: "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия", "Экология", "Биотехнология", "Биология", "Химия" мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесі бар, тиісті білім саласының жоғары білікті мамандары немесе өнертабысқа авторлық куәліктерінің, ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесінің болуы.

Ғылыми қызметкерлер - бірлік

Егістік дақылдарының агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасы

Ғылыми қызметкер-1 бірлік

Өсімдіктерді қорғау зертханасы

Ғылыми қызметкер-2 бірлік

Жарма және дәнді-жемдік дақылдар зертханасы

Ғылыми қызметкер-1 бірлік

Талаптар: "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия", "Экология", "Биотехнология", "Биология", "Химия" мамандықтары бойынша ғылым докторы немесе ғылым кандидаты (PhD), ғылым магистрі немесе жоғары кәсіби (маман дипломымен) ғылыми дәрежесінің, ғылыми еңбектерінің, өнертабыстарға авторлық куәліктерінің болуы.

Кіші ғылыми қызметкерлер-бірлік

Өсімдіктерді қорғау зертханасы

Кіші ғылыми қызметкер-1 бірлік

Дәнді дақылдардың генетикалық ресурстары зертханасы

Кіші ғылыми қызметкер-1 бірлік

Талаптар: "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", "өсімдіктерді қорғау және карантин", "Топырақтану және агрохимия", "Экология", "Биотехнология", "Биология", "Химия" мамандықтары бойынша ғылыми еңбектерінің, өнертабыстарға авторлық куәліктерінің болуы.


Өндірістік блок

Өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы бөлімі

Өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі - 1 бірлік

Талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің немесе "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", өсімдіктерді қорғау және карантин" мамандықтары бойынша жоғары білімінің (бейін бойынша доктор, PhD философия докторы, магистр, бакалавр) болуы, кәсіби қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Астық қоймасының меңгерушісі-1 бірлік

Талаптар: орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімінің, қырман шаруашылығы қоймасының меңгерушісі лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің немесе есепке алу және бақылау бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің немесе жалпы орта білімінің және есепке алу мен бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Агроном-тұқымтанушы-1-бірлік

Талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (бейін бойынша доктор,PhD философия докторы, магистр, бакалавр) "Агрономия", "Селекция және тұқым шаруашылығы", өсімдіктерді қорғау және карантин" мамандықтары бойынша болуы және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.




Механизация бөлімі

Бас инженер-1 бірлік

Талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің(бейін бойынша доктор,PhD философия докторы, магистр, бакалавр) болуы: Аграрлық техника және технологиялар, Ауыл шаруашылығын механикаландыру, технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандықтары бойынша),мамандығы бойынша маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі. ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдарды; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және олардың технологиясын; жабдықты монтаждау, реттеу және баптау әдістерін білу; ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері; жабдыққа паспорттар, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, ақаулар ведомостері, ерекшеліктер және басқа да техникалық құжаттамалар жасау тәртібі; жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау ережесі; майлау-эмульсиялық шаруашылықты ұйымдастыру;жабдықты пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптары; ұйымдағы жөндеу қызметін көрсетудің озық және отандық, және шетелдік тәжірибесі; ҚР Еңбек кодексі; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.


Қаржы бөлімі

Бас бухгалтер-1 бірлік

Талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білімінің (бейін бойынша доктор,PhD философия докторы, магистр, бакалавр)немесе жоғары кәсіби (экономикалық, заңгерлік), практикалық жұмыс тәжірибесінің ( бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті жасауға не аудиторлық қызметке байланысты соңғы күнтізбелік жылдағы жұмыстың үш жылынан кем емес), сондай-ақ заңнамаға сәйкес жаңартылатын кәсіби бухгалтер сертификаты бар болуы.


Жоспарлау-экономикалық бөлім

Мемлекеттік сатып алу бойынша маман – 1 бірлік

Талаптар:жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білімінің (бейіні бойынша доктор,философия докторы PhD, магистр, бакалавр) немесе жоғары кәсіптік (экономикалық, заң) білімінің және Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс істеу дағдысының болуы ( Мемлекеттік сатып алуды жүргізуге байланысты жұмыстың соңғы күнтізбелік үш жылынан кемінде бір жыл).


Құқықтық, кадрлық қамтамасыз ету және іс жүргізу бөлімі

Комплаенс-офицер-1 бірлік

Талаптар:жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білімінің (бейіні бойынша доктор, PhD философия докторы, магистр, бакалавр) немесе жоғары кәсіптік (экономикалық, заңгерлік) білімінің, Юриспруденция саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы. ҚР қолданыстағы заңнамасын, оның ішінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді білу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қолданыстағы азаматтық, қаржылық, әкімшілік, Еңбек, қылмыстық құқықты, сондай-ақ заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасы.


"А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС-де бос орындар бар:

Зертханашы -10 бірлік

Талаптар:орта, арнаулы орта, жоғары білімінің болуы


"А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы"ЖШС орналасқан жері: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды - 1 (Научный кенті) Бараев көшесі, 15, телефон 8-716-31-2-30-29


Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2022 жыл 27 қаңтар 9:00 сағ.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2022 жыл 07 ақпан 18:00 сағ.

Құжаттарды қарау және шешімді қабылдау күні 2022 жылғы 08 ақпаннан 2022 жылғы 09 ақпанға дейін.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Ғылыми қызметкерлер лауазымдары конкурсына "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС-нің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар жіберіледі.

Лауазымдар конкурсына тиісті академиялық, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ практикалық жұмыс тәжірибесі бар және осы мамандық бойынша танылған жетістіктері бар мамандар жіберіледі.


Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысатын үміткерлер "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма төрағасының атына өтініш (еркін нысанда) жазады.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

-кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағын (басқа ұйымдардың қатысушылары береді);

- автобиография;

-жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;

-қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);

- бос лауазымдарға орналасуға 3 жылға арналған жұмыс жоспарының презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды), оның ішінде перспективалық жеке даму жоспарының презентациясы (5 слайдқа дейін);

- бос лауазымдарға орналасуға қатысушылар үшін перспективалық жұмыс жоспары.

Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.


скачать dle 12.0
795 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх